• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Сәуір, 2017

Қостанайда «Азия далаларының биологиялық алуантүрлілігі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр

180 рет
көрсетілді

​Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Азия далаларының биологиялық алуантүрлілігі» атты Ш халықаралық ғылыми конференциясының өтуіне биыл үшінші рет атсалысып отыр.

Шараға Қазақстан мен Ресейдің оқу орындарынан белгілі биолог ғалымдар шақырылды. Білім ордасының ректоры Еркін Әбіл конференция қонақтары мен оған қатысушыларды осы маңызды шараның өтуімен құттықтады және экология, табиғат қорғау мәселесін көтеріп жүрген ғалымдар жұмысына табыс тіледі.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде белгілі биолог ғалым, Қазақстандағы табиғи қорықтар жүйесінің сақталуына көп еңбек сіңіріп жүрген Татьяна Брагина, биология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры Мұрат Нұрышев, биология ғылымдарының докторы Евгений Брагин және тағы басқалар терең мазмұнды баяндамалар жасады. Баяндамаларда Қазақстандағы киіктер тобырын сақтап қалудың проблемалары мен оны шешу жолдары, еліміздегі табиғат аумақтарын қорғауды дамытудың заңнамалық базасы өзгеруінің тарихы, ХХ ғасырдың жартысы мен ХХІ ғасырдағы Қостанай облысы өңірі авиафаунасының, сондай-ақ Солтүстік Еуразия құстарының, орнитофаунасының өзгерістері секілді өзекті мәселелер көтерілді. 

Мұнан кейін конференцияға қатысушылар секцияларға бөлініп жұмыс істеді. Сонымен қатар, конференция шеңберінде ғалымдар Науырзым қорығына барады.

Нәзира Жәрімбетова

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар