• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:40

Бүгін NASA 54 жылдан кейін Айға алғашқы экипажын ұшырады

30 рет
көрсетілді

2 сәуірге қараған түні адамзат тарихында маңызды оқиға орын алады – АҚШ-тың NASA ұйымы ұйымдастырған «Artemis II» миссиясы басталды. Бұл миссия аясында төрт ғарышкер жарты ғасырдан кейін алғаш рет Айға ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұлт немесе қатты жел (немесе техникалық ақаулар) сияқты қолайсыз ауа райы жағдайлары болмаса, Orion ғарыш кемесін тасымалдайтын алып Space Launch System зымыраны 1 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:24-те (бейсенбі күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 01:24) ұшырылады.

Миссияның негізгі мақсаты – 2028 жылы адамдарды Айға қондыруға жол ашу. Ал бұл сапар шамамен 10 күнге созылады. Экипаж Айды айналып өтіп, оның Жерден көрінбейтін арғы бетін зерттеп, кейін қайта оралады.

11 күн қалды: NASA Айға арнайы экипажды ұшыруға рұқсат берді

Ғарышкерлерді «Artemis II» миссиясында тәжірибелі экипаж басқарады. Миссия командирі – Рид Уайзман, оған ұшқыш Виктор Гловер, маман Кристина Кох және канадалық ғарышкер Джереми Хансен бірге аттанады.

Жоспар бойынша, «Orion» капсуласы Айды айналып өткеннен кейін Жердің тартылыс күші арқылы кері бағыт алады. Сапардың 10-күні ғарышкерлер мінген капсула атмосфераға кіріп, Тынық мұхитына қонады.

NASA ғарышта iPhone пайдалануға ресми рұқсат берді

Миссияның барысын YouTube арқылы тікелей эфирде бақылауға болады.

Соңғы жаңалықтар