• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Сәуір, 2017

Елбасы терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды

110 рет
көрсетілді

Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Елбасы терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Ассамблеяның қоғамдық келісім кеңесі бүгінде қоғам мен адамның сұхбат алаңы болып отырғандығын атап өтті. 

«2016 жылы кеңес 2 мыңнан астам нақты проблеманы шешті. Яғни, Ассамблея қарапайым адамдардың проблемаларын шешуде. Менің тапсырмаммен кеңес жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуға да қатысуда. Мұны біздің саяси партиямыз «Нұр Отанмен» бірге жүзеге асыру қажет. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, Ассамблеяның барлық деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестерінің 2017-2018 жылдарға арналған діни экстремизмге, терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Жұрт бәрін біледі, ешнәрсені жасыру мүмкін емес», - деді Мемлекет басшысы. 

Елбасы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын регламенттеу қажеттігін, оның нақты жұмыс критерийі болуы тиістігін де баса айтты. 

«Сондықтан Ассамблея хатшылығы Үкіметке бізге не істеу қажеттігі жайында сәйкесінше ұсыныстар енгізуі қажет», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар