• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2017

Сырнайшылар сынға түсті

230 рет
көрсетілді

Атырауда баян-аккордеон ас­пап­тарында ойнаушы­лардың «Еуразия кубогы» І халықаралық сайы­сы өтті. Жас орын­даушы­лар­дың шығармашылығын, кәсіби білік­тілігін дамытып, жаңа есімдер анықтауды мақсат еткен байқауға Қазақстан мен Ресейдің әр өңірінен 27 үміткер, 8 ансамбль қатысты.

Олардың өнерін Ресей халық әртісі, Воронеж өнер академиясының профессоры Александр Скляров бастаған қазылар алқасы бағалады. Төрт күнге созылған өнер додасында баян-аккордеон аспаптарында орындаушы ансамбльдер арасында астаналық «Аллегро» ансамблі жеңімпаз атанды. Жоғары оқу орындары арасында «Астана» ансамблі ең үздік өнер ұжымы атағын иеленді. Ал орта арнайы оқу орындарының студенттері арасында Павлодар қаласынан келген Руслан Нұрланов бірінші орынның тұғырынан көрінді. Жоғары оқу орындарының сту­дент­тері арасынан бас жүлде аты­раулық Баубек Өмірғалиға берілді. 

− Баян-аккордеон аспаптарында шебер ойнайтын өнерлі жандар аз емес, бірақ соңғы кезде бұл аспаптарға жеткілікті көңіл бөлінбей кетті. Мұндай байқаулар өнерпаздар арасындағы байланыс­ты нығайтып, тәжірибе алмасуларына мүмкіндік береді, – дейді Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияның директоры Ғаділ Дүйсенғалиев.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар