• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Сәуір, 2017

Тауда өскен өскінмін, Мұқағали жұртынан...

453 рет
көрсетілді

деп жырлаған ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалинмен кездесу кеші өтті.

Еуразия ұлттық университетінің жанынан құрылған мәдени-танымдық бірлестік «Кәусар» клубының ұйымдастыруымен ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалинмен шығармашылық жүздесу ұйым­дастырылды. Салтанатты шараға ақынның ұстаздары, әріптес­тері мен шығармашылық салада із тастап жүрген іні-қарын­дастары, сондай-ақ, оқу орнының студент жастары қатысты.

Нұрлан Оразалин өткен ғасырдың 70-жылдары қазақ әдебиетіне өзіндік үнімен келіп, қазақ лирикасының көкжиегін кеңейтіп, сыршыл сезімді жырларымен оқырманын баурап келе жатқан ақын. 

Ақынның:

Біздер, қалқам, өлең атты

елденбіз.

Жауыннанбыз,

Қайғыданбыз,

Желденбіз.

Мәңгіліктің үрлеп мәңгі

майданын

Ғасырлардың қойнауынан

енгенбіз.

Кеудемізде – аптап, шілде, май,

тамыз,

Жырларымыз от бүркеді,

байқаңыз.

Қара қылды қақ жаратын қай

кезде

Әділетті байрақ етер тайпамыз, – деп айтатыны да сондықтан. Жыр құдіретін, асыл сөздің салмағын бағамдай білетін ақынның қашанда айтары бөлек емес пе. Осы бір жыр жолдары ақын Нұрлан Оразалиннің әдебиет әлеміндегі өмірлік кредосы іспетті. «Өлең атты елдің» ортасында жүріп отты жырды алаулатып, байрағын асқақ ұстап келе жатқан қаламгердің қай кезде де еңсесі биік. Өйткені, кеңістікке биіктен көз тастайтын ақынның ойлары да озық келеді. Озық ой жырға айналғанда оқырманына ерекше қуат-күш, рух сыйлайды.

Нұрлан Оразалиннің қаламы­нан ондаған көркем дүниелер туды. Әр жылдарда «Беймаза көңіл», «Көктем көші», «Жетінші құр­лық», «Азаматқа аманат», «Құра­л­ай­­дың салқыны», «Ғасыр­мен қош­­тасу», «Сырнайлы шақ», т.б. жыр жи­нақтары мен «Аза­мат­тық айдыны» атты көркем публицис­тика­лық-эссе толғаулар кітабының ав­торы. Драматург ретінде «Шырақ жан­­ған түн», «Аққұс туралы аңыз» пье­са­лары орыс, украин, молда­ван, қыр­ғыз, өзбек тілдеріне тәржімаланды.

Кездесу барысында, универ­си­тет студенттері ақынның өлең­дерін жатқа оқып, тыңдарманның құлақ күйін жырмен сусындатты. Жа­­лын­­­дай лаулап жыр төккен жас­­тарға қарап, ақынның да ша­­бы­ты оя­нып, әр жылдары жа­зыл­­­­ған ел­дік, елшілдік, ру­ха­ни үн­­дес­­тік, баян­ды махаб­бат та­­­қы­­­­­рып­­­тарын қаузай­­тын тәт­­ті шу­­­мақ­­­­тарын шырынын төк­пей тыңдар­мандарына өз үні­мен жеткізді.

Жиынның ішкі тәртібі бойын­ша, қо­йыл­ған сұрақтарға жауап беру дәс­түрін де аттап кеткен жоқ. Бас­­қа­сын айтпағанда. «Қазақ­­стан Жазу­­шы­­лар ода­ғын­­­­да мүшелер саны неге көп?», «Сенат депутаты ретін­д­е нен­дей іс тын­дырдыңыз?» де­­ген көп­шілік сұрағында ақын аға­­­мыз: «Жазушылар одағына 800-ге тар­та адам мүшелікке өткен. Бұл көп емес. Тұрғындар саны біз­­ден әл­де­қайда аз қырғыз елін­де 1500-дей, Өз­бекс­тан, Тәжік­стан, Әзер­бай­­жан­ның әрқай­сы­сында 2000-нан артық ресми мүшелікке өткен жазу­шылары бар», – десе, келе­сі сұ­­рақ­тың жауа­­бы ретінде өзі және өзге­ де әріп­тестерінің қол­дауы­­мен жа­қын күндері жазу­шы­лар­ға төле­нетін қаламақы мә­се­­ле­сі ше­ші­летінін, бұл заңды тұр­­­ғы­да ма­құл­­­дану үстінде екенін және орал­ман қан­дастарға жедел аз­а­мат­тық бер­гізуге де бір кісідей ат салыс­қанын жеткізді.

Кеш қонақтары атынан жылы лебізін білдіруге шыққан ака­де­мик-ақсақал Серік Қира­баев шәкірті һәм ізін басқан інісі Нұр­­лан Мыр­қасым­ұлы жайлы: «Бұл за­маны­мен үндескен ақын, қиын­дыққа, орын­сыз сынға күйреп кетпейтін қажыр­лы қайраткер» деген баға берді.

Соңында шараны ұйым­дас­тырушылар Нұрлан Оразалинді ғылыми кеңестің атынан «Күл­тегін» төсбелгісімен марапаттады.

Бекен Қайратұлы, «Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген 

Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан» 

Соңғы жаңалықтар