• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Сәуір, 2017

Санкт-Петербургте болған терактіден ​бір қазақстандық қаза тапты

217 рет
көрсетілді

Қазақстандық студент Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты, - деп хабарлайды ҚР СІМ өкілдері.

"Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің нақтыланған мәліметтеріне сүйене отырып, осыған дейін із-түссіз жоғалып кетті деп саналған Қазақстан азаматы Максим Арышевтың 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербургте болған терактінің салдарынан қаза тапқанын хабарлаймыз. Бұл барлығымыз үшін қайғылы жағдай", - деп хабарлады ҚР СІМ өкілдері. 

Қазіргі уақытта Максим Арышевтың денесі Санкт-Петербургтегі Екатерининск қалалық ауруханасында. Ата-анасы оны таныды.

 ҚР СІМ өкілдері мен Санкт-Петербургтегі қазақстандық дипломаттар Максим Арышевтың туыстарына барынша көмек көрсетеді, сондай-ақ, олар қаза тапқан студенттің денесін отанына жеткізу мәселесіне де көмек береді.

"Максимның туыстары мен жақындарына және осындай адамгершілікке жатпайтын қылмыстың құрбандары болғандардың отбасына көңіл айтамыз", - делінген ҚР СІМ хабарламасында. 

Айта кетейік, бүгінде қаза болғандардың саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр. 

Соңғы жаңалықтар