• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Сәуір, 2017

Сарайшықты сақтау − елдікке сын

680 рет
көрсетілді

Жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті Алтын орда мем­­­лекетінің киелі қонысы, асыл жұрнағы Сарайшықты сақ­тап қалу мәселесіне құзырлы орын­­дардың назарын аудару үшін өз бетінде арнайы зерттеу мақала жариялаған болатын (Ба­қытгүл Бабаш. «Са­рай­шық­­­ты қа­лай сақ­тап қаламыз?» 1 ақпан 2017жыл). Содан бері сең қоз­ға­лып, тиісті шаралар қолға алына бастады.

Мәдениет және спорт министрлігі мен Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен  «Сарайшық: ұлы қала тарихы» атты халықаралық ғылыми конференция елордада  өтті. Себеп – табиғи-кли­мат­­тық жә­не антропогендік фак­­тор. Яғ­ни, ұлы да­ланың ұла­ға­т­­ты тарихынан сыр шер­те­­тін ежелгі қала орнын Жай­ық өзені­­нен тасыған судың шай­ып кету қаупі қо­ға­м­ның алаң­дау­­­шылығын туғызған-ды.

Үкімет тарапынан Сарай­шық­т­ың на­зар­ға алынуы биыл игі істерге жол аш­қан­дай. Ақ­пан айының со­ңын ала Мә­де­ниет және спорт ми­нистрі Арыс­тан­бек Мұ­ха­ме­ди­ұлы Атырау облысына сапары ке­зінде ке­ңей­тілген отырыс өт­к­ізіп, көне шаһарда сақ­тап қа­луға қатысты зиялы қау­ым мен тиіс­ті мемлекеттік ұйымдар өкіл­­дерінің пі­кірлері ортаға са­лынған бо­латын. Ал, нау­рызда Атырау облысы әкі­­мі­­нің мұ­рын­­дық болуымен көне тарих көм­бесіне қауіп төндіретін Жайық өзені­нің жағасын бекіту жұ­мыстары жүріп жат­қа­ны жайлы бәрімізді қуантып тастады.

Бұл жолы өткізіліп жатқан кон­фе­рен­ция­ның мақсаты – тек өз еліміздің ғана емес, шетелдік ға­лымдардың да назарын кө­не Са­райшыққа аударып, ұтымды ше­шім­дер шығару. Өз заманында Батыс пен Шы­ғысты жалғап, Ұлы Жібек жолындағы ма­ңызды қа­лалардың бі­ріне айналған, Ал­тын Орданың, Ноғай ор­дасы мен Қазақ хан­дығының дәулеті мен сәу­летінен, айбар­лы билігінен х­а­бар беретін Сарайшық қа­ласының орны Атырау қала­сы­нан 55 шақырым жерде, Жай­ық өзенінің оң жағалауында ор­на­лас­­қан. Тарихи ескерткіштің құ­жатына сәй­кес құнды қоныс ау­даны 100 гектарды ала­ды, бі­рақ, Жайық өзені іргесін шайып, оның аумағы жылдан-жылға та­рылып ке­леді. Мұнда басқа да мәселелер жетіп-ар­ты­лады. Ке­­шегі жиында сол жөнінен де пай­ым­ды пікірлер айтылды.

Ғылыми конференцияны ашқан Мә­де­ниет және спорт ми­нистрі Арыстанбек Мұ­ха­ме­ди­ұлы бұған дейін орта­-ғ­а­­­­с­ыр­л­ық Сарайшық қалашығына бір­неше рет археологиялық зерт­теу жүргізіліп, со­­ның нә­ти­же­сінде көптеген тарихи құн­ды жә­ді­г­ерлер табылғанын атап өтіп, он­­да Алтын Орда және қазақ хан­дары пан­тео­ны­ның болуы, бел­гілі тұлғалар мен мұ­сыл­ман ді­ні қайраткерлерінің жерленуі  кие­лі нысанның ма­ңы­зын арттыра түсетініне тоқ­­тал­ды. «Қаланы сақтауға жауапты мем­лекеттік органдар мен ұйым­дар, ға­лымдар мен өзге де мүд­делі тараптар оған қатысты күр­делі мәселелерді бір­ле­сіп шешу­ге атсалысуы қажет. Мә­се­­­лен, Жай­ық өзенінің жағалауын бек­і­­­­­­туді аяқтау, археологиялық қаз­­­ба жұ­мыс­­­­тарын жалғастыру, осы­­дан кейін кон­­­сер­вациялау жұ­мыстарына барлық ре­су­рс­тарды жұмылдыруымыз керек.

Сонымен қатар, осынау тарихи орын­ның туристік та­р­тым­дылығын арттыру үшін кө­не мұрамызды ашық ас­пан а­с­­тын­да­ғы музейге айнал­ды­­ру өңірдің туристік ин­фра­құ­ры­лы­мын дамытуға күш сал­­ға­ны­мыз жөн», деді министр кон­фе­ренц­ия­да.

Сондай-ақ, министрліктің 2015 жы­лы Сарайшықтың ар­хео­логиялық ес­кер­­ткіштерін рес­таврациялау және кон­сер­вация­лау үшін жобалау-сметалық құ­жат­тарын әзірлегенін, биыл қа­лашықты кон­сервациялау жұ­мыстарын жүргізуді жос­­пар­лап отырғандығын айтты. Бұл – Са­райшықтан табылған ар­хео­логиялық жә­дігерлерді ұзақ мерзімге сақтау ша­раларын жүзеге асыру деген сөз. Ми­нистрдің айтуынша, бұл ба­ғыт­та­ғы ат­қа­рыл­ған ауқымды ша­ра­лар алдағы жылдары да жал­ға­сын таппақ.

Конференцияда сөз алған Атырау об­лы­сының әкімі Нұр­лан Ноғаевтың ойынша Сарай­шық сынды тарихи-мәдени ма­ңы­­зы зор қаланың орнын, одан та­былған ес­керткіштерді сақтау ең алдымен өскелең ұр­пақтың баба тарихпен мақтануы, жан дүниесін байытып, рухтарын биіктетуі үшін қажет. «Бұл орайда Үкіметтің өз ұстанымы бар. Өскелең ұрпақтың бойына ұлт­тық қасиеттерді сіңіру, қазіргі жа­һан­дану дәуіріндегі келеңсіз қы­лықтарға төтеп беретін иммуни­тет қалыптастыру үшін осындай құндылықтарды қалпына кел­ті­ру керек. Әрине, бізде Ұлы Жі­бек жолы стратегиясы іске асып, инфра­құ­ры­лым дамып жа­тыр. «Нұрлы жол», бас­қа да бағ­дар­ла­малар аясында орталық пен шы­ғысты, шығыс пен батысты, елі­міз­дің барлық өңірін бір-бірі­не қосу, көр­шілермен тығыз қа­рым-қатынас орнату жөнінде мә­селелер қолға алынған. Со­ның бір бөлігі ретінде мәдениетімізге, дәс­­түрімізге де көңіл бөлгеніміз жөн. Са­райшық – Алтын Орда­ның бірегей қа­ласы. Сарайшық туралы әңгіме тек Атырау облысы тұрғындарына, ғалымдар мен археологтарға ғана қатысты бол­мауы тиіс», деді әкім. Бағалы бас­қосу барысында ғалымдар та­рапынан тағылымды ойлар ор­таға салынды.

Сондай-ақ, олар облыстық «Хан Орда­лы Сарайшық» музей-қо­рығының жұ­мы­сын жетілдіру қа­жеттігін де атап өтті.

Сонымен қатар, конференция ая­сында Са­райшық қалашығы т­арихына арналған көрме ұйым­дас­тырылды. Көрмеге ежелгі қа­лаға қатысты көптеген құнды ар­хео­логиялық бұйымдар, картина­лар және т.б. заттар қойылды.

Айгүл Сейілова,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар