ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз xатшысы қызметіне Анар Мағзұмова тағайындалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxаты барысында белгілі болды.
"Мен сіздерге ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз xатшылығының жаңа басшысы Анар Мағзұмованы таныстырғым келеді", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Бұның алдында аталмыш лауазымды Арсен Бектасов атқарған болатын.