Жедел-іздестіру шаралары барысында 6 ақпан күні Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 30 жастағы ер адам мен оның сыбайласы болуы мүмкін 46 жастағы тағы бір күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ақпан айының басында күдіктілер Қарағанды қаласындағы Гудермецкая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, 8 алтын бұйымды, шамамен 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны және 200 АҚШ долларын ұрлаған.
Тінту барысында күдіктілерден алтын сақиналар, шамамен 400 мың теңге көлеміндегі қаражат, түрлі телефон және бүктелмелі пышақтар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістанда 21 адамды 125 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ анықталғанын жазған едік.