• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Ақпан, 2026

Ақ Олимпиада: Қазақстандық конькимен жүгірушілер үздік 10 спортшы қатарында

50 рет
көрсетілді

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл бағдарламада Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті. Екеуі де үздік ондықтың қатарына енді.

Надежда Морозова 4:01.200 уақыт көрсеткішімен алтыншы болып мәреге жетті. Ал Елизавета Голубева 4:03.300 уақыт көрсеткішімен оныншы орынға тұрақтады.

Италиялық Франческа Лолобриджида Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды (3:54.280). Екінші орынды норвегиялық Рагне Виклунд (3:56.540) иеленді. Ал канадалық Валери Мальте (3:56.930) үшінші болып мәреге жетті.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында скиатлон сайысынан еліміздің екі спортшысы – Ксения Шалыгина мен Надежда Степашкина ел намысын қорғады. 

Соңғы жаңалықтар