• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бизнес 30 Наурыз, 2017

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арнайы жоба ашылады

155 рет
көрсетілді

"Астана банкі" АҚ "Қызғылт жаға" атты әлеуметтік жоба бастады.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қолға алынған жаңа жобасы туралы "Астана банкі" АҚ басқарма төрағасы Ескендір Майлыбаев баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды kapital.kz.

"Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің маңыздылығын ескере отырып, біз арнайы жоба бастадық. Бір жыл бұрын біз әйелдерге арналған банк картасын шығарған едік. Биыл сәуір айынан бастап осы карта арқылы жасалған төлемнің 0,7 пайызы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін Әйелдер көшбасшылығы қорына аударылатын болады. Оны банк өз мойнына алады. Нәтижесінде, тұтынушы банк картасы арқылы сауда жасай отырып, әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына үлес қосады", - деді Майлыбаев. 

Сәуір айының басында www.pinkproject.kz сайты іске қосылады. Ондағы мақсат әйелдерге Қазақстан бизнес жасау туралы ақпарат беру. Онда әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру туралы барлық ақпарат болады. Сонымен қатар, осы сайт арқылы нәзік жанды кәсіпкерлер өздеріне серіктестер де таба алады.

Әйелдер көшбасшылығы қорының жобалық директоры Светлана Богатыреваның айтуынша, осы жоба аясында Аслматы, Астана, Қарағанды, Орал мен Шымкентте оқыту конференциялары өтеді.

Жоба аясында тек ірі қалалардағы ғана емес, сонымен қатар шағын қалалардағы кемінде 500 әйелдерді кәсіпке тарту жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар