• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2017

Қызылорда облысында 2500 адамға тұрғын үй салуға жер телімдері беріледі

192 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 20 шиелілік тұрғынға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерінің құжаттарын тапсырды. Жаңа«Береке» мөлтек ауданында - 300, жалпы аудан бойынша 2500 адам жер телімдерін алады.

Өзінің алғысөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев елді мекендердің экономикасы мен ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту жергілікті биліктің алдағы уақытта да бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті. 

-  Бүгінде аймағымызды дамыту бойынша ауқымды  істер атқарылуда. Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында жаңа мөлтек аудан пайдалануға берілді. Бүгін 300-ге жуық Шиелі тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріледі. Шиелі ауданында 7 мыңға жуық адам баспана салу үшін жердің кезегінде тұр. Енді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтан 2500 адамға жер телімдері берілетін болады,- деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар