• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Наурыз, 2017

Ыстанбұлдағы қонақүйлер бағасы құлдырап кетті

162 рет
көрсетілді

Бір бөлменің табысы бір жыл ішінде 41,4 еуродан 33,2 еуроға дейін түсіп кетті. Ал бесжұлдызды қонақүйдегі бір бөлме бағасы 25 пайызға арзандап, 200 еуроға түсті.

Ыстанбұлдағы қонақүйлердің бір күндік орташа бағасы 2017 жылдың ақпан айында 70 еуроға теңесті, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға аз, деп хабарлайды (TUROB) Түркия қонақүй қызметкерлерінің қауымдастығы.

Қауымдастықтың мәліметінше, өткен жылдың ақпан айында қонақүйлердің 47,6 пайызы толық болса, биыл ақпанда бұл көрсеткіш 47,2 пайыз болды. Өткен жылы баға тәулігіне орташа есеппен 87,1 еуро болған еді.

TUROB президенті  Тимур Байиндирдің айтуынша, қазіргі баға қонақүй бизнесі үшін ауырға соқпақ. Ол Түркия билігін жедел шара қабылдауға шақырып, Ыстанбұлдың туристік атын тағы да таныта түсу керектігін айтты.

Ыстанбұлға баратын туристер өткен жылы 9,2 млн адамға азайған еді. Бұл соңғы 16 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болатын. Соның ішінде, АҚШ, Ресей азаматтарының келуі азайған.

Соңғы жаңалықтар