Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2017 жылғы 27 қаңтар №23 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2017 – 2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (IІІ кезең) (бұдан әрi – Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2017 – 2019 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Жауапты мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар (келiсiм бойынша):
1) Iс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығымен белгіленген мерзімде және тәртіппен Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Б.САҒЫНТАЕВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №23 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі
2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (ІІІ кезең)
Р/с № Атауы Өлшем
бірлігі Аяқтау
нысаны Орындалу
мерзімі Орындаған жауаптылар Оның ішінде жылдар бойынша
Қаржылан-
дыру көздері Бюджеттік бағдар-ламаның коды
2017
жыл 2018
жыл 2019
жыл Бар-лығы
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Мақсаты: Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы
Нысаналы индикаторлар:
мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі % МСМ,
ЖАО 83 85 90
мемлекеттік тілді В-1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі % БҒМ 80 90 100
Міндет:
1. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау
Нәтижелер көрсеткіші:
онлайн режимінде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталық-тары оқытушыларының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың үлесі % МСМ,
ЖАО 65 75 90
Іс-шара
1 Онлайн режимінде қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі-мен ұйымдастырылған мемлекеттік тілді оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру млн тг МСМ-ге ақпарат
2017 -2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін ЖАО 3,3 3,6
3,6
10,5
ЖБ
Міндет:
2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту
Нәтижелер көрсеткіші:
мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқытылатын болашақ қазақ тілі оқытушыларының саны адам БҒМ 500 500 500 1500
Іс-шара
2 Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде болашақ қазақ тілі оқытушыларын оқыту МСМ-ге ақпарат
2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін БҒМ 204 100 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген
Міндет:
3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру
Нәтижелер көрсеткіштері:
мемлекеттік тілді оқитындар санының өсуі (2013 жылмен салыстырғанда) % МСМ,
МО 80 90 100
«Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 (С1) деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі % МСМ, БҒМ 28 (В1 деңгейінде)
8 (С1 деңгейінде) 32 (В1 деңгейінде)
12 (С1 деңгейінде) 35 (В1 деңгейінде)
15 (С1 деңгейінде)
«Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 (С1) деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі % МСМ, БҒМ 14 (В1 дең-гейінде)
7 (С1 деңгейінде) 17 (В1 деңгейінде)
8 (С1 деңгейінде) 20 (В1 деңгейінде)
10 (С1 деңгейінде)
Іс-шара
3 «Қазтест» бағдарламасы негізінде білім деңгейін жыл сайынғы бақылау жүйесін енгізу млн тг МСМ-ге ақпарат
2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін БҒМ 63,6
65,2
65,1
193,9
РБ
225 204108
4 Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметкерлері үшін «Қаз-тест» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша тестілеуді ұйым-дастыруды қамтамасыз ету диагнос-тикалық тестілеу
2017-
2019 жылдар МСМ,
БҒМ,
МО, ҰК талап етілмейді
5 Тілдерді деңгейлеп меңгерудің халықаралық стандарты негізінде «Балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу жұмыстарын жалғастыру МСМ-ге ақпарат
2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін БҒМ талап етілмейді
6 Қазақ тілін үйрену үшін барлық адамдарға мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі орталықтардың жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру млн тг МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін ЖАО,
ҰК,
ҮЕҰ 493,6
515,9
524,0
1 533,5
ЖБ
7 Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, барынша жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын әзірлеуді және дайындауды жүзеге асыратын мамандарды ынталандыру іс-шараларын жүргізу млн тг жыл сайынғы семинар-тренинг 2017-2019
жылдар
МСМ,
ҮЕҰ 3,4 3,4 3,4 10,2 РБ 240 021
8 Әлем әдебиетін мемлекеттік тілге аудару, ғылыми-танымдық, энциклопедиялық, анықтамалық-сөздік, әдістемелік, балалар әдебиетін, инновациялық бағдарламаларды, анимациялық фильмдерді мемлекеттік тілде әзірлеу және шығару
млн тг анықтамалық-сөздік, энциклопедия-лық, танымдық-, балаларға арналған әдебиеттер, ани-мациялық фильмдер 2017-2019
жылдар
МСМ 497,7
497,7
497,7
1493,1
РБ 240 021
9 Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуі үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету млн тг жыл сайынғы кіші құрылтай және халықаралық өнер фестивалі 2017-2019
жылдар МСМ,
СІМ, ЖАО 26,4
26,4
26,4
79,2
РБ 240 021
10
Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу млн тг ҰЭМ-не ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ,
СІМ 2,0
2,0
2,0
6,0
РБ 240 001 103
11 Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын өткізу
млн тг құрылтай 2017
жыл МСМ,
СІМ, МО 160,0 - - 160,0 РБ 240 021
Мақсаты: Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануы
Нысаналы индикаторлар:
мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі % АКМ 65 68 72
Міндет:
1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру
Нәтижелер көрсеткіштері:
мемлекеттік БАҚ эфиріндегі мемлекеттік тілдегі жаңа телевизиялық жобалар санының өсуі % АКМ 10 10 10
мемлекеттік тілде шығатын баспа БАҚ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың үлесі % АКМ 50 50 50
Іс-шаралар
12 Мәртебелі тұлғаларды және қазақ тілінде сөйлейтін этностардың танымал отбасыларын тарта отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің бірлескен акцияларын өткізу арқылы PR технологиясы бойынша мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру акциялар, флешмобтар
2017-2019 жылдар
МСМ, БҒМ,
ЖАО, «Нұр Отан» партия
сы, МТДҚ талап етілмейді
13 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін теле-, радиобағдарламалар мен мерзімді баспа басылымдары, оның ішінде балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі контентті БАҚ-та кеңейту арқылы дамыту және насихаттау МСМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін АКМ 003 республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген
РБ 245 003
14 Қазақ тілді БАҚ-қа қазақ тіліндегі интернет-ресурстарға мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы жүйелі қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыру МСМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін АКМ талап етілмейді
15 Тілдерді дамыту мен қолдануды мемлекеттік тіл саясаты басымдықтарын, оның ішінде БАҚ-та, интернет-ресурста ілгерілетуді, көпшілікке танытуды әдістемелік қамтамасыз ету млн тг ҰЭМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ 49,0
49,0
49,0
147,0
РБ 240 021
Міндет:
2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру
Нәтижелер көрсеткіші
мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі
% ДІАҚМ, МСМ, әлеуметтік тапсырысты іске асыратын МО 10 10 10
Іс-шаралар
16 Халық арасында мемлекеттік тілді көпшілікке танымал ету және жеке субъектілердің іс жүргізуін мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде және басқа да көздер арқылы қоғамдық қозғалыстарды, бірлескен акциялар мен жобаларды ұйымдастыру және өткізу кезінде қазақ тілін насихаттау МСМ-ге ақпарат
2017-2019
жылдар
ДІАҚМ, МСМ,
МО, «Нұр Отан» партиясы, МТДҚ,
ҰК, ҮЕҰ талап етілмейді
17 Мемлекеттік тілдің беделін арттыру мен қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілге сұранысты арттыру мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шең-берінде өткізілетін шаралар млн тг МСМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін ЖАО 98,2
106,4
111,5
316,1
ЖБ
18 Фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждауды қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету млн тг. ҰЭМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ 27,1
27,1
27,1
81,3
РБ 240 033
104
19 Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу млн тг ҰЭМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ,
ЖАО 12,0
12,0
12,0
36,0
РБ 240 001
103
20 Үш тілді білім беруді ілгерілету бойынша жобаларды іске асыру, интернет кеңістігіндегі жұмыстар, тележобалар, компьютерлік бағдарламалармен (базамен) қамтамасыз ету млн тг ҰЭМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ 66,4
66,4
66,4
199,2
РБ 240 021
21 «Электрондық үкімет» шеңберінде электрондық қызметтер көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын кеңейтуді қамтамасыз ету МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін АКМ, МО талап етілмейді
22 Мәдениет ұйымдарының (театр, кино және т.б.) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру
ҰЭМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ,
ЖАО
талап етілмейді
23 Бұқаралық мәдени, спорт және өзге де қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін МО,ҰК талап етілмейді
24 Халықаралық қызметте мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету МСМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін СІМ,
МО, ҰК
талап етілмейді
Мақсаты: Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті
Нысаналы индикаторлар:
тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі % МСМ 80 85 90
қазақ тілінің реттелген тер-минологиялық қорының үлесі % МСМ 75 90 100
Міндет:
1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу
Нәтижелер көрсеткіші
көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі % МСМ 70 85 100
Іс-шаралар
25 Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету,
ономастикалық атауларды ретке келтіру және терминология жұмыстарын жетілдіру
тілдік тарихи мұраны жаңғырту, терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізу млн тг семинарлар, комиссиялар 2017-2019
жылдар МСМ, ЖАО 9,2
9,2
9,2
27,6
РБ 240 021
26 Ономастика және терминология жұмыстарын жүргізу кезінде азаматтық қоғам институттарын және БАҚ-ты тарту ҰЭМ-не ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ талап етілмейді
Міндет:
2. Тіл мәдениетін жетілдіру
Нәтижелер көрсеткіші:
терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің саны бір-
лік МСМ 21 000 24 000 27 000
Іс-шаралар
27 Мемлекеттік тілде мемлекеттік топографиялық және тақырыптық карталарды, географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын (бюллетенін) жасау және жаңарту млн тг МСМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін АШМ 691,0
768,0
855,0
2314,0
РБ 212
259
101
28 Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың бюллетеньдерін, қазақ тілін дамыту мәселелері бойынша журнал, альманах басып шығаруды қамтамасыз ету млн тг туралы МСМ-ге ақпарат-туралы «Терминологиялық хабаршы», «Ономас-тикалық хабаршы» бюллетеньдері, журналдар 2017-2019
жылдар МСМ 3,6
3,6
3,6
10,8
РБ 240
021
29
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін БҒМ талап етілмейді
30 Ілеспе аударманы оқыту, тіл мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру млн тг семинар-тренингтер 2017-2019
жылдар МСМ, МО
8,0
8,0
8,0
24,0
РБ 240
021
31 Тілдік ортаны құрудың және дамытудың өзекті проблемалары бойынша республикалық (өңірлік) іс-шараларды, түркі және қазақ жазуы күндерін, жыршы-термешілер арасындағы конкурстарды, пікірталастар, мүшәйра, сондай-ақ «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсын өткізу млн тг
жыл сайынғы семинарлар, кеңестер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар 2017-2019
жылдар
МСМ,
МО 21,6
21,6
21,6
64,8
РБ 240 021
32 Өңірлерде тіл мәдениетін дамыту, ономастика және терминология мәселелері бойынша іс-шаралар, тележобалар, телеойындар, телесабақтар өткізу млн тг МСМ-ге ақпарат 2017-2019 жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін ЖАО 115,7
120,9
125,2
361,8
ЖБ
Мақсаты: Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту
Нысаналы индикаторлар
республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі % МСМ,
ЖАО 89
89,5 90
этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілде-рін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесі % МСМ,
ЖАО 73 76 80
республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі МСМ, ЖАО 23 23,5 25
республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесі % МСМ,
ЖАО 18,5 19 20
Міндеттер:
1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі
2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау
Нәтижелер көрсеткіші
қазақ және ана тілдерін үйрету бойынша әдістемелік көмекпен қамтылған этномәдени бірлестіктері бар этностардың үлесі % МСМ, ЖАО 75 85 100
Іс-шаралар
33
Республикалық этномәдени бірлестіктердегі жексенбілік мектептер арқылы этнос тілдерін және мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету
млн тг мемлекеттік және этностардың ана тілдерін оқыту курстары 2017-2019
жылдар МСМ, ЖАО 22,5
22,5
22,5
67,5
РБ 240 021
34 Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту үшін оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, танымдық, публицистикалық әдебиеттерді әзірлеу және шығару
млн тг оқу-әдістемелік, ғы-лыми, анықтамалық, публицстикалық әдебиеттер 2017-2019
жылдар МСМ 35,0
35,0
35,0
105,0
РБ 240 021
35 Қазақстан халқы тілдері күні және Славян жазуы күндерін мерекелеу шеңберінде республикалық конкурстар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу
млн тг фестиваль, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер
2017-2019
жылдар МСМ, МО 12,7 12,7 12,7 38,1 РБ 240 021
36 Қазақстанның шекара маңы өңірлерінде және этникалық топтар жинақы орналасқан өңірлерде тілдік ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеу жүргізу
млн тг ҰЭМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ 4,5 4,5 4,5 13,5 РБ 240 001
103
37 Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі шеңберінде этнос тілдерін қолдау және оларды сақтау мақсатында іс-шаралар өткізу млн тг МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін ЖАО 111,0 114,5 119,7 345,2 ЖБ
Міндет:
3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
Нәтижелер көрсеткіші
орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тілдерін үйрету қызметтерін ұсынатын тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтардың үлесі % МСМ, ЖАО 85 90 100
Іс-шаралар
38 Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту курстарын ұлғайту млн тг МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін ЖАО 128,4 117,9 121,8 368,1 ЖБ
39 Үш тілді білім беруді ілгерілету аясында мемлекеттік қызметшілерге тілдерді оқыту курстарын ұйымдастыру млн тг тіл оқыту курстары 2017-2019 жылдар МСМ, ОАО 57,5 57,5 57,5 172,5 РБ 240 021
40 Үш тілде білім беретін мектептер үшін ұйымдарда жаратылыстану-математика пәндерінің оқытушыларын даярлауды қамтамасыз ету
МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін БҒМ талап етілмейді
41 Үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерін) оқытудың бірыңғай тілдік стандартын әзірлеу МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін БҒМ талап етілмейді
42 Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған іс-шараларды өткізу
млн тг ҰЭМ-ге ақпарат
2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін МСМ, МО 1,5 1,5 1,5 4,5 РБ 240 021
43 Үштілді білім беру идеясын өңірлерде насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу млн тг МСМ-ге ақпарат 2017-2019
жылдар, жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейін ЖАО 82,3 85,2 87,0 254,5 ЖБ
Жиыны:
2807,2 2757,7 2873,0 8437,9 МБ
1774,7 1693,3 1780,2 5248,2 РБ
1032,5 1064,4 1092,8 3189,7 ЖБ
* Барлық бюджет деңгейлері бойынша шығыстар көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына және жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес айқындалады (нақтыланады).