• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Хоккей 30 Наурыз, 2017

«Торпедо» жеңіліспен бастады

131 рет
көрсетілді

Жоғары хоккей лигасындағы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Өскеменнің «Торпедосы» өз айдынында Түменнің «Рубин» командасын қабылдап, 0:1 есебімен есе жіберді.

Төрешінің ысқырығы есті­лісімен алға ұмтылған шығыс­қазақстандықтар  қарсы қақпаны бірнеше рет нысанаға алып үлгерді. Өз кезегінде қонақтар жинақылық танытып, адуынды шабуылдар да ұйымдастырды. «Торпедо» сапынан Александр Шин, Талғат Жайлауов, Джордан Сауторн, ал «Рубиннен» Максим Зюзякин, Виталий Зотов сынды хоккейшілердің есеп ашатын мүмкіндіктері болған, алайда сәттілік жетіспеді.

Қос команда бір-бірінің қақ­пасын торуылдап жүргенде негізгі уақыт та аяқталып қалған еді. Жеңімпаз ұжым овертайм арқылы анықталды. Бұл сында түмендіктердің жолы болып, 66-минутта жеңіс голын соғып кетті. Жалғыз шайбаның авторы – Игорь Сафаралеев.

«Торпедо» мен «Рубин» ара­сындағы сериялы матчта ресей­ліктер 1:0 есебімен алға шықты.

– Бұл – сериядағы алғашқы ойын. Тартысқа толы өткенін көр­діңіздер. Бізді алда қиын матчтар күтіп тұрғаны анық. Жеңіске жету үшін барымызды саламыз, – дейді «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері Алексей Ждахин.

Аян ӘБДУӘЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар