• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Наурыз, 2017

Эстония үшін Қазақстан – Азияның қақпасы

302 рет
көрсетілді

Қазақстанда соңғы кез­дері қолға алын­ған саяси мәні зор мәлімдемелер мен өз­­­герістерді Эсто­ния жұрт­шылығы жы­лы қа­был­дауда. Елдегі конс­­ти­ту­циялық ре­фор­­ма­­лар тараптардың ал­дағы уақытта әлеуметтік-эконо­микалық жаңғыруына тың серпін береді.

Біз Қазақстанды Орта­лық Азиядағы экономика­лық әлеуеті зор сенімді се­ріктес, достық қатынас­тағы қуатты мемлекет ре­тін­­де санаймыз. Соны­мен қатар, өңірдегі саяси ты­­ныш­­тық пен тұрақты­лық Қа­зақ­станның «төл­қ­ұжатына» айналды десек те болады. Ендеше, мәлім­делген ба­сым­дықтар сәтті жүзеге асу нә­ти­жесінде Қазақ­стан да­му­дың жаңа кезеңіне қа­дам ба­са­ды деген сенімдемін. 

Конституциялық ре­фор­маны жүзеге асыру оңай емес. Ол – едәуір ерік-жігерді қажет ететін ауқым­ды мәселе. Себебі, мұн­­дай өзгеріс енгізу өз кезе­гінде жүйелі әрі мұ­қият да­йын­дықты және зор жауап­кер­шілікті талап етеді. Өйт­кені, даму­дың даңғыл жолы мен ке­мел­д­енген келе­шек­тің кілті осындай ше­шімд­ер қа­был­даумен тікелей бай­ланысты болмақ.

Мен депутат ретінде бас­қару ісінде Парламент рөлінің күшеюін құптай­мын. Солай десек те, осы кез­ге дейін президенттік инс­­титуттың басымдық­қа ие болуы елдің қалыптасу ке­зеңіндегі алғашқы жылдарда өзінің тиімділігін көрсеткендігін де айта кет­кен жөн. Өй­т­ке­­ні, мұндай игі істің нәтижесінде мем­­­ле­кеттің әлеуметтік-эко­но­микалық жағ­дайы­на қатыс­ты реформалар өте сәтті жү­зеге асты. Осы­ның бәрі де Президент Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен жоғары беде­лінің әрі серіктестері ара­сын­дағы достық қарым-қаты­насының арқасында орын­далды. Мұны біз мемле­кет­тің қазіргі қоғам­дық әлеуметтік-саяси жағ­дайына қарап та аңғарамыз.

Ал енді Қазақстан­ның Үшінші жаң­ғы­руына қатыс­ты айтар болсам, жер­гі­лік­ті халықтың қай­та жаңғыруға деген ын­та-ықыласы мен құл­шыны­сы зор екені ай­қын көріне­ді. Сонымен қатар, Прези­дент Жолдауын жүзеге асы­ру арқылы қа­зақ­стан­дық­тар­дың ел экономи­ка­сы мен тұрмыс-тір­шілік­ті түпкілікті өзге­рту­ге күш-жігері жеткі­лік­ті деп санаймын. Оған мем­ле­кеттің де мүмкіндігі мол. Мұн­дай жарқын көрініс­тер­­дің Қазақстан мен Эс­то­ния­н­ың арасын одан сайын жақындата түсетіні күмәнсіз.

Қазақстан – Эстония үшін Азияға ашылған қақ­па. Оған нақты мысал ре­тін­­де екі ел арасындағы кө­­лік-ло­гис­ти­ка саласында ор­­на­ған терең әріп­тес­­тікті ай­­тар едім. Өз кезегінде құр­­лы­қ­­­а­ралық қатынасты жан­дандыру ба­­ғытында кө­лік дәлізін құру арқы­лы Қазақ­станмен байланы­сы­мыз тереңдей түсетін болады.

Денис БОРОДИЧ,

Эстонияның Рийгикогу (Пар­ламент) депутаты, Қазақстанмен әріптестік жөніндегі пар­ламенттік топ­тың жетекшісі 

Соңғы жаңалықтар