Партия • 08 Қаңтар, 2026
Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Шәкәрім университеті Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің оқытушыларымен және студенттерімен, сондай-ақ Абай облысындағы аграрлық колледждердің басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 08 Қаңтар, 2026
ІІМ: Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленді
Ішкі істер министрлігі Шымкентте мұнай өңдеу зауытының аумағынан мұнай өнімдерін ұрлау схемасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Білім • 08 Қаңтар, 2026
2025 – 2026 оқу жылының басында елімізде 559 колледж жұмыс істеді. Колледждердің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан, олардың саны – 79. Ал Түркістан облысында – 38, Қарағанды облысында – 37 колледж бар, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Бизнесмен «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды
«Ақтөбе» футбол клубы ендігі жерде «Qazaq Story Properties» компаниясының басқаруына берілді. Сондай-ақ «Ақтөбе» ФК» АҚ басқарма төрағасы Санат Шалекеновтың өкілеттілігі аяқталғаны белгілі болды. Клубтың жаңа басқарма төрағасы – Арман Оспанов. Футбол клубындағы құрылымдық өзгерістерге байланысты өткізілген баспасөз конференциясында FIFA Master (CIES) халықаралық бағдарламасының түлегі Арман Оспанов «футбол менеджменті мен корпоративтік басқару саласында тәжірибесі мол» деп таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Инватакси қызметі оңтайланды: енді азаматтар көлікті жылдам таңдай алады
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған инватакси қызметі ірі қалаларда жаңа форматқа көшті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен такси агрегаторларын тарту арқылы іске қосылған пилоттық жоба аясында 2025 жылы Астана мен Алматыда инватакси 489,8 мың рет пайдаланылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі еседен астам көп, деп жазады Egemen.kz