Сайлау • 30 Желтоқсан, 2020
Сайлауға дайындық мәселелері пысықталды
Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) кезекті отырысында азаматтардың тіркелген жері жөніндегі мәліметтерді онлайн тексеру мүмкіндігі, сайлау алдындағы үгіт-насихат кезеңінде комиссияға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы, халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу және қауіпсіздік шаралары мәселелері талқыланды.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2020
Жазу – қаламнан бұрын санада бастау алады
Шексіздік, ең алдымен адамның ой-қиялына тән. Ал терең ойдың жемісі – жазу. Жақсы жазу. Ол дегеніңіз әдебиет. Кез келген ақын-жазушының жан түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы болады. Бәрін түгесіп, тауысқан классик жоқ. Бәрінің де, әйтеуір жазары бар. Әлқисса. Бүгін Әдебиет бетінде «Не жазып жүрсіз? Һәм не жаза алмай жүрсіз?» деген әдеби сауалдама бастап отырмыз. Қазіргі қазақ авторларының шығармашыл өміріне барлау жасай отырып, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанованың не жазып һәм не жаза алмай жүргенін сұрап көрдік.
Саясат • 30 Желтоқсан, 2020
Қаржы пирамидасын құрғандар енді сот алдында жауап береді
Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен «Гарант 24 Ломбард», «Estate Ломбард», «Выгодный займ» ЖШС-ның басшыларына қатысты Қылмыстық кодекстің «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабымен қозғалған іс бойынша тергеу аяқталып, жақын күндері сотқа жолданатын болды. Осы іс бойынша 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ауыл • 30 Желтоқсан, 2020
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Новопокров ауылында тұратын көп балалы ананың биыл 1 қазанға қараған түні жайылымнан ұрланған 42 бас жылқысы әлі табылар емес. Полиция үш ай бойы іздестіріп жатыр, алайда еш нәтиже жоқ.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2020
Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне 7,8 млрд теңге үстемеақы төленді
Түркістан облысы бойынша инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 14,2%, карантиндік төсек-орынның жүктемесі – 16%. Инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Облыс бойынша 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған.