Бизнес • 30 Желтоқсан, 2020
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қашанда маңызды. Негізінен ауыл шаруашылығына иек сүйеген өңір үшін өнім өңдеу мейлінше өзекті. Осы орайда табыс кілтін тап басып, шаруашылықты өрге сүйреп келе жатқандар да баршылық.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2020
Отандық агроөнеркәсіп 45 млн адамды асырай алады
Әлемде кейінгі жылдары азық-түлік өнімдеріне, әсіресе табиғи органикалық өнімдерге сұраныстың артуы және елімізде игерілмеген жер ресурстарының молдығы мемлекеттің саланы қолдауға деген ынтасын арттырды. Оның үстіне коронавирус қиыншылығы ел экономикасының қабілетті салаларын айқындап берді. Соның алдыңғы қатарында ауыл шаруашылығы, құрылыс, дәрі-дәрмек өндірісі, машина жасау салалары бар.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2020
«ҚазМұнайГаз» үшін жыл қалай өтті?
Қатаң үнемдеу шаралары Пандемия салдарынан мұнай бағасы күрт төмендеп, нарықтағы ахуал нашарлағаннан кейін «ҚазМұнайГаз» шұғыл түрде дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдады. 2020 жылы операциялық, күрделі және әкімшілік шығындар 147 млрд теңгеге қысқартылды. Алдағы бес жылда тағы да 586 млрд теңге үнемделмек.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2020
XXI ғасырды қайта қарайтын сәт
Шартарапты коронавирус пандемиясымен шаршатқан 2020 жыл да аяқталып келеді. Биылғы індет халықаралық қоғамдастықтағы, жер-жаһандағы бірқатар мәселенің басын ашып беріп кетті. Мәселен, кейбір елдердің басшылары жеке басының мүддесін күйттеп, жаһандық мәселелерге қырын қарағаны есімізде. Көп ұзамай қайғы мен қасіретке толы жыл да аяқталмақ. Осы орайда алдағы жылдан не күтеміз? Өткеннен қандай сабақ алуымыз қажет? Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы осы сұрақтарға жауап беретін мақалалар топтамасын ұсынады. НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы лауазымын атқарған Хавьер Солана өз мақаласында XXI ғасырдағы негізгі түйткілдерге тоқталады. Автор мыңжылдықтар түйіскен тұста әлемде келешекке деген ерекше құлшыныс туғанын, алайда іс жүзінде бәрі басқаша болғанына қынжылыс білдіреді. Осындай қателіктерді тізе отырып, Хавьер Солана өткеннен сабақ алудың маңызына екпін береді. Сыртқы саясат жөніндегі Еуропалық кеңестің директоры Марк Леонард өзінің мақаласында 2021 жылдан үміт күтетінін және негізгі бес мәселені атап көрсетеді. Оның айтуынша, АҚШ президенттігіне Джо Байденнің сайлануы, коронавирусқа қарсы вакцинаның әзірленуі, климаттың жылынуына қатысты жаһандық үнқосу, билікке сенімнің оралуы мен ғаламдық жүйені қайта қарау сиыр жылының жақсылығы болмақ. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.