Бокс • 27 Тамыз, 2017
Фируза Шарипова Астанада екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Астанада болгар қызы Милена Колеваны жеңіп, екі бірдей чемпиондық атаққа қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2017
Көктөбеде ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтті
Алматы қаласының ең көрікті демалыс орындарының бірі, қала тұрғындары мен қонақтарының жүрегінен орын алған Көктөбеде ашық аспан астындағы музыка фестивалі биыл осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2017
Шымкент тұрғыны «Оңтүстік Цирк» мекемесіне абдан сыйлады
Оңтүстік Қазақстандағы «Оңтүстік Цирк» мекемесі тағы бір жыртқыш аңмен толықты. Оңтүстіктің цирк өнеріне болысып, оның өсіп, өркендеуіне атсалысқысы келген Шымкент тұрғыны Фаат Мансуров мекеме ұжымына африкалық арыстан баласы – абданды сыйға тартты, ОҚО əкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2017
ОҚО-да заңсыз тасымалмен күрестің жаңа әдісі қолданысқа енді
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары заңсыз тасымалмен күресудің ерекше жолын ойлап тапты. Ол үшін мамандар түрлі ауданаралық бағыттарда жолға шығып жүрген әрбір шағын автобусқа «Жолаушылар көлігі» деген жазуы бар облысымыздың логотипі мен тасымалдаушы мекеменің және бағыттың атауын орналастыруда. Яғни, бұдан былай, қатынас көлігінде мұндай мәліметтері бар логотип болмаса, ол заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік болып табылады, деп хабарлайды ОҚО əкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2017
Машина жасаушылардың мұңы қандай?
Орал қаласында «Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау кіші кластерін дамыту» тақырыбында форум өтті.