Ауа райы • 12 Мамыр, 2026
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
12 мамыр күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылып, жел күшейеді. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің батысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 11 Мамыр, 2026
Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Қазақстан 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу эстафетасын ресми түрде қабылдады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын салтанатты табыстау рәсімі Лондонда өтіп жатқан қазіргі әлем чемпионаты алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап.
Ауа райы • 11 Мамыр, 2026
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
«Қазгидромет» алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен болатынын ескертті. 13 мамырда үсік оңтүстік-шығыс өңірлерде де күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2026
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Мажарстан Премьер-министрі Петер Мадьярдың хаты туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Мамыр, 2026
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.