Қазақстан • 03 Мамыр, 2017
Бүгін еліміздің аймақтарында жауын-шашын болмайды
Республиканың барлық өңірлерінде 3 мамыр күні жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Үкімет • 03 Мамыр, 2017
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында бірнеше мәселе талқыланды. Айталық, 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы, мәдениет нысандарын дамыту және жаңғырту, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы мәдени және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасы қаралды.
Қазақстан • 03 Мамыр, 2017
«Маңғыстау» − Қазақстанда жасалған 26-шы кеме
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамындағы АО «Орал «Зенит» зауыты» АҚ кезекті өнімін – №4 зымыранды-артиллериялық кемесін суға түсірді. Отанымыздың теңіз шекарасын күзететін бұл кеме «Маңғыстау» деген атауды иеленген.
Театр • 03 Мамыр, 2017
Астанаға келсем арқаланып кетемін – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Ахмет Агади
Ресейдің үлкен өнердегі үкілеген үздік тенорларының бірі саналатын әйгілі әншіні біраз жылдан бері білеміз. Астанада алғаш опера және балет театры ашылғанда Мәскеуден арнайы келіп көрнекті композиторымыз Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сарасындағы» басты партияны орындаған. Сонда ғой, жақынырақ танысып, тамырын басқанымыз. Аңқылдап әңгіме айтқандағы ағыл-тегіл қазақшасына қайран қалып, арқасынан қаққанымызда ақсары өңі алабұртып, арқаланып кеткені әлі көз алдымызда тұр.
Бизнес • 03 Мамыр, 2017
«Асыл тұқымды атану қиын емес...»
Ауыл шаруашылығы, соның ішінде Маңғыстау өңіріне етене мал шаруашылығының «менмұндалап» тұрған мәселелері аз емес. Ал асыл тұқымды малды анықтау, оларды өсіріп-өндіру – өз алдына үлкен тақырып. Осы орайда аталмыш салада біраз жылдар басшылық қызметте болған тәжірибелі маман, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Күзембай ЕРҒАЛИЕВПЕН әңгімелескен едік.