Сыртқы және ішкі саясат өнегесі
Бүгінде қақтығыстардың алдын алу әлемдегі маңызды мәселе. Шынында да, әлемдегі қазіргі ахуал көптеген халықаралық мәселелердің шиеленісуі, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жаңа қатерлердің пайда болуымен сипатталады. Мұндай жағдайларды шешу үшін мемлекеттер өзара бірлескен іс-қимылдар жүргізуі қажет.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Сирия мәселелерін реттеу бойынша Астана процесінің рөлі туралы
Кеше елордада Сирия мәселелері бойынша халықаралық келіссөздердің төртінші раунды басталды. Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран елдерінің, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары, БҰҰ-ның, АҚШ-тың және Иорданияның арнаулы өкілдері қатысуда. Астана процесі деген атауға ие болған халықаралық келіссөздер бүгін де жалғасады деп күтіліп отыр.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Мен шет ел азаматы болсам да жуықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын оқып, ерекше әсерге бөлендім. Себебі, онда ғылым мен технологияның қарыштап дамуы қарсаңында, әсіресе, жаhандану заманында Қазақ елін, Қазақстанның әрбір азаматын болашаққа бастайтын нақтылы сара жол көрсетіліпті.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласын ерекше зейінмен, толғаныспен оқыдық. Мақала ел тағдырын, жер тағдырын, ұлт тағдырын ойлаған әрбір азаматты бейжай қалдырмайды.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Ойландырады. Іздендіреді. Дамыттырады
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жарияланған әрбір сөзінен кейін кез келген саналы адамның ойланып, толғанатыны, өз пікірін, қабылдауын пайымдайтыны анық. Халыққа, яғни ұлтқа айтылған сөзді әр азамат өзіне айтылған сөз деп қабылдайды. Бұл да Тұңғыш Президенттің Қазақстан халқының игілігі мен өркендеуі үшін дамылсыз қайраткерлік еңбегінің, сондай-ақ, халықтың да Елбасына деген қалтқысыз сенімінің нәтижесі, көрінісі болса керек. Яғни, ең жоғары мемлекеттік билік пен халықтың бір мүдделілігі, бір мақсаттығы, бір тұтастығы. Тек осындай ел ғана жасампаздық биігін игеруге қабілетті екені де хақ. Осы қағидаттар Президент саясатының, Қазақстан дамуының қайнар бұлағы, іргетасы, арман, мұратқа жеткізер жарқын бағдары. Бұл қағидаттарға үнемі, үздіксіз екпін беріліп, әрбір жаңа кезеңде мазмұны, талабы өзгеріп, жаңарып отыратыны да ел көңілінен орын алған.