Бизнес • 04 Мамыр, 2017
Экономиканың шикізаттық емес секторын қаржыландыру жандандырылады
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ шикізаттық емес экономикадағы жобаларды қаржыландыруды жандандыру мақсатында өзінің несие саясатына Өзгерістерді енгізді. Бұл туралы ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлімдеді.
Медицина • 04 Мамыр, 2017
Қазақстан ТМД елдерінде алғаш болып обырға қарсы "сұйық биопсия" технологиясын қолдануда
Қазақстан ТМД-да бірінші болып қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісі – «сұйық биопсия» қолдануды бастады
Қазақстан • 04 Мамыр, 2017
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымы кең «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығына тек өз еліміз ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы айрықша назар аударуда. «Болашаққа бағдарлама, жастар тәрбиесін рухани жағынан жаңғырту мәселелері тек бүгін ғана ойға оралып отырған іс емес, о бастан ойда пісіп жатқан аса күрделі де маңызды міндеттердің бірі болатын» делінген мақалада. Әрбір істі шешудің өз кезегі болмақ. Тәуелсіздік тізгініне жаңа ғана қолы жеткен, экономикалық, әлеуметтік жайы барынша әлсіз, ел байлығы, жер байлығы тек шикізат күйінде өндіріліп, ірі өндіріс орындары салынбаған, соның салдарынан айтарлықтай қиындықтарды бастан кешкен мемлекеттің аяғынан тік басып кетуі үшін «біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен әлеуметтік жаңғыруды қолға алдық...», дейді Елбасы.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2017
Аққайың ауданының әкімі Дәурен Байтөлешевпен тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың, әлеуметтік өмір сүруін жетілдірудің, елді мекендердің әлеуетін арттырудың келелі мәселелері жайлы ой бөліскен едік.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2017
Кенттің көркеюіне үлес қосып келеді
Бақыршық кен өндіру кәсіпорны жұмысын бастағанына көп уақыт болмаса да, облыс пен ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына өз үлесін қосып үлгерді. Бақыршық кен өндіру кәсіпорны жақын жылдары іске қосылатын кен байыту кешенінде алғашқы концентратты өндіру, осыған дейін жоспарланғандай 2018 жылдың үшінші тоқсанында басталатындығына сенімді. Осы уақытта кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны алты жүзден асады деп күтілуде. Тек өткен 2016 жылы ғана БКӨК қызметкерлерінің саны екі есеге өсіп, 492 адамға жетті.