Медицина • 05 Мамыр, 2017
Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық кезеңінде саяси-экономикалық ахуалын жоғары деңгейде орнықтырған Қазақ елі рухани жаңғыру жолында бұған дейін де жемісті істер атқарған. «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламалары арқылы барымыз бағаланып, жоғымыз түгенделген. Жыл басында жарияланған Үндеу мен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саяси реформа мен экономикалық жаңғыру процестерінің нақты мақсат-міндеттері мен басымдықтарын, жету жолдарын саралап берген.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2017
Біз бүгін ел есінде ерекше орны бар Марат Едігеевтің ерлігін еске алып, болған оқиғаны қайта бір жадымызда жаңғырттық. Батыр боздақ осыдан тура төрт жыл бұрын Қарағанды облысындағы жоспарлы оқу-жаттығу барысында ұшақ істен шығып, оқиға орнында қаза тапқан болатын.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2017
Асан мен Үсен Жұмаділдаевтар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемендегі № 27943 әскери бөлімінде қызaмет етеді. Екеуі де взвод командирі. Екеуі де лейтенант.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2017
Армияны материалдық-техникалық қамтамасыз етудің маңызы зор
Соңғы кездері әскери іс-қимылдарды жүргізу ісінде оң өзгерістер көп болды. Бұл мәселеде қару-жарақ пен әскери техниканың саны мен қуаттылығын, тиімділігін арттыруға басымдық берілді. Яғни, бүгінде әр түрлі бағыттағы тапсырмаларды орындау барысында және белгілі бір мерзімде белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін заманауи үлгідегі анағұрлым ыңғайлы және ықшам әскери құрылымдарды құрып, озық әскери іс-қимылдарды тиімді жүргізуге арналған әртекті күштер мен құралдарды трансформациялау аса өзекті мәселе деген сөз. Бірақ мұның бәрін әскерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесінсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Осы орайда, біз Қарулы Күштеріміздің құрылғанына 25 жыл толу қарсаңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Т.Ж.Жанжүменовке жолығып, өзімізді қызықтырған бірқатар сұраққа жауап алған едік.
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Аймұхамет Мансұров туралы бір үзік сыр