Қазақстан • 03 Сәуір, 2017
Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік аймағының кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-батысында күн ашық. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2017
Заңнамаға түзетулер талқыланды
Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау аясында еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен, мәдениет мекемелерінің, оқу орындарының өкілдерімен, Астана, Алматы қалаларының, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының театр ұжымдарымен кездесті.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2017
Баспана мәселесі оң шешім таппақ
Баспана мәселесін шешудің бір жолы – үй саламын дегендерді жеке тұрғын үй құрылысын жүргізетін жер телімдерімен қамтамасыз ету. Биыл Жезқазғанда 670 адамға осындай мақсаттағы жер телімдерін беру жоспарланып отыр.
Қаржы • 03 Сәуір, 2017
Опек+: ортақ келісім теңге бағамына оң әсерін тигізді ме?
Ел экономикасының тірегі мұнай шикізаты болғандықтан, ұлттық валюта да соның құнына қарап құбыла бермек. Дегенмен, қор нарығындағы мұнай бағасының таяу күндердегі толқулары қазір теңгенің құнына айтарлықтай әсер етпейтін болды.
Футбол • 03 Сәуір, 2017
Аслан Дарабаев: «Мен сенімді ақтаймын!»
Аслан Дарабаев - жаңа маусымда павлодарлық "Ертістің" қатарын толықтырған ойыншылардың бірі. Ол біріншіліктің алғашқы турында оралдық "Ақжайықпен" болған ойында негізгі құрамда өнер көрсетіп, керекулік клубтың биылғы маусымдағы алғашқы голын соққан болатын. Таяуда "Ертістің" жаңа ойыншысымен кездесіп, аз-кем әңгімелесіп едік.