Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында «Көшбасшы-2017» атты мектеп оқушылары арасындағы интеллектуалды сайыс өткізілді. Қазақстан жастары конгресінің 15 жылдық мерейтойы және Тұңғыш Президент кітапханасы мен Қазақстан жастары конгресінің бірлескен шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – оқушылар арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, талантты оқушыларды анықтау.
Бокс • 05 Сәуір, 2017
Спортты зерттеп, ел намысын абыройлы қорғап жүрген өрендердің жетістігін халыққа жеткізіп жүрген соң, статистикаға, әр түрлі фактілерге аздап қызығатынымыз рас.
Қысқы спорт • 05 Сәуір, 2017
Жолдама саны оннан кем болмайды
Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВ: Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы бұл маусымды сәтті аяқтады. Әлем кубогы кезеңдерінде топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларымыз Алматыда өткен Универсиада ойындары мен Саппородағы Азиадада да үздік үштікке енді. Құрама тағы бірер күнде жаңа маусымның дайындығын бастайды. Жаттығу жұмыстары Нидерландыда жалғасады. М.Қарсыбековтің айтуынша, бұл Пхенчханда 2018 жылы жалауы желбірейтін Олимпия ойындарына мейлінше көп жолдама алу үшін қажет.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
«Мыңбасы» атанған Дума депутаты
Ұлттың сөзін, жұрттың сөзін сөйлейтін мінберді пайдалану тартысы қай кезеңде де бір сәтке толастаған емес. Қазақ ұлтынан 1906 жылғы Ресей Мемлекеттік Думасына барлығы 12 адам сайланғаны тарихтан белгілі. Олардың ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Бірімжан, Алпысбай Қалменұлы, Шәймерден Қосшығұлұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы сынды Алаш ардақтылары бар. Осы қатарда Тілеулі Аллабергенұлы да бар еді.