Әдебиет • 28 Сәуір, 2017
Ақын – табиғаттың ерекше жаратылысы, халықтың тілі, заманының үні. Кез келгеннің таным-түйсігі жете бермейтін мың қатпарлы құпия болмыстарды, екінің бірі аңғара бермейтін сәлдей құбылыстарды ақын жүрегі алдымен сезіп, жанын шүберекке түйе шырылдайды, жақсылықтың жаршысы болып көркем де айбынды, мағыналы да маңызды өлең-сөздерімен алға ұмтылдырады. Ақын – уақыттың сыйы және қожасы! Олар халық жүрегіне жол тапқан уытты өлеңдерімен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құрмет биігіне қонақтай алады, есімі қай жерде де, қай кезеңде де ықыласпен айтылып, жыр жолдары ел аузынан түспейтін қанатты тіркеске айналады. Бұл ақын талантының, ақын шеберлігінің нақты көрінісі болмақ.
Кешегі соғыс кезіндегі жоқшылық пен таршылықтың салқыны соғыстан кейін дүниеге келген ұрпақтың да санасынан әлі өше қойған жоқ. Оның ызғары әлі күнге дейін жанымызды түршіктіріп, денемізді қариды.
Әдебиет • 28 Сәуір, 2017
Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал...
Алматыда бір сыпсың әңгіме жүрді. «Несін айтасың, ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов бір ғажап келіншекке ғашық болған екен. Ташкеннен ұлы жазушымыздың сол қызға жазған ғашықтық хұсни-хаттары табылыпты... ». Бәріміз де елең ете қалдық. Жаңашыл «Жалын» журналы ма, әлде «Таңшолпан» ба екен, Мұхаң хатынан бірер үзінді жариялап та үлгерді. Ынтықтығымыз арта түсті.
Әдебиет • 28 Сәуір, 2017
(Лирикалық эссе) (Жалғасы. Басы 67-71 нөмірлерде)
Театр • 28 Сәуір, 2017
«Арқалық батыр» Түркістаннан оралды
«Театр көктемі-2017» халықаралық фестивалі биыл Жұмат Шаниннің 125 жылдығына арналды. Мақсаты – түркітілдес елдер арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, кәсіби театрлардың өнерін насихаттау, тәжірибе алмасу. Өнер мерекесін еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырды.