Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Түркістанда 3 жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті
Түркістан облысының Ақниет ауылында 3 жастағы бала жеке тұрғын үйдің ауласында орналасқан дала дәретханасына құлап кеткен. Оқиғаны байқаған жақындары бірден құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Наурыз, 2026
Бірқатар өңірде ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді
«Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 11 наурыз күні бірқатар өңірде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Наурыз, 2026
Михаил Шайдоров халықаралық сыйлыққа үміткерлер тізіміне енді
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өз қарамағындағы спорт түрлерінен жыл үздіктерін анықтауды жалғастырып жатыр. Кезек мәнерлеп сырғанауға жетті. Алдағы 8 күн ішінде жанкүйерлер «Үздік костюм», «Үздік жарқын бағдарлама», «Үздік хореограф», «Үздік бапкер» номинациясындағы үміткерлерге дауыс бере алады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 10 Наурыз, 2026
Ұлытауда Жалпыұлттық коалиция мүшелері шахтерлермен жаңа Конституция жобасын талқылады
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің Ұлытау облысына сапары аясында Сәтбаев қаласындағы «Анненская» шахтасының жұмысшыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 10 Наурыз, 2026
Құрылыс кодексі: Жаңа құжатқа қандай қағидаттар енгізіледі?
Саланы жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тұрғын үй саясатын реформалау, құрылыс көлемін арттыру және саланы цифрландыру бойынша қолға алынған шаралар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі рекордтық деңгейге жеткен, ал алдағы жылдары бұл көрсеткішті одан әрі арттыру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.