Ауа райы • Бүгін, 10:57
Елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктері 9 наурыз, дүйсенбі күні барлық өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Елдің бірқатар аймағында қар мен боран, көктайғақ, жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • Кеше
Ермек Әбдірасулов, заң ғылымдарының докторы: «Жаңа Конституция - құқықтық мемлекеттің кепілі»
Қазақстанда 2022 жылдан басталған конституциялық реформалар жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, мемлекеттің әрі қоғамның жаңғыруына жаңа серпін берді, ал ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – сол өзгерістердің логикалық жалғасы әрі оларды заңдық тұрғыдан бекітетін шешуші қадам болып отыр. Бұл пікірді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасулов білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
Елордадағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Бақыт деген» атты музыкалық флешмоб өтті. Іс-шара мерекелік күнге орай ұйымдастырылып, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдау мақсатында өткізілді. Акция барысында қатысушылар танымал «Бақыт деген» әнін жанды дауыста орындап, қарапайым кездесуді әсерлі қоғамдық перформансқа айналдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Мамандық пен махаббатты ұштастырған жан
Ұлттық статистика дерегінше, бүгінде елімізде 10,4 млн әйел тұрады. Бұл жалпы халқымыздың 51,1%-ын құрайды. Сондай-ақ сан дерек қазақстандық қыз-келіншектердің 48%-ы мейірім мен мамандықты, іскерлік пен ізетті тең ұстап жүргендер санатында екенін жариялады. Асылында арулар қоғамның кетігіне кірпіш болып қаланып, ел қамы үшін ерлермен тең тер төгіп жүр. Нәзік әйелдер үшін мамандықтың шекарасы жоқ. Сөзімізді саналы ғұмырының 20 жылын құқық қорғау саласына арнаған Рәбиға Еркебайқызы айғақтай түседі. Бүгінде ол Астана қалалық полиция басқармасының отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше бастығы лауазмын атқарып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Ұлттық ұлан қызметкерлері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады
Халықаралық әйелдер күніне орай, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Мерекелік акция барысында гвардия қызметкерлері қаланың көшелерінде әйелдерге гүлдер табыс етіп, жылы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.