Референдум • 15 Наурыз, 2026
Өңір тұрғындары референдумға белсене қатысып жатыр
Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі азаматтар референдумға белсене қатысып жатыр. Оны әлеуметтік желідегі бақылаушылар есебінен көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков референдумда дауыс берді
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді. Мегаполис басшысы «Түркістан» сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
«Алғашқы референдум» акциясы: Қазақстан жастары ел болашағы үшін таңдау жасады
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Оның аясында жастарды мемлекет өміріне араластыруға бағытталған бірнеше бастама қолға алынды. Әсіресе, «Алғашқы референдум» акциясы шеңберінде алғаш рет дауыс беріп жатқандарға ерекше көңіл бөлініп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысындағы референдум учаскелерінде заңбұзушылық тіркелген жоқ
Ақтөбе қаласындағы Жағалау көшесі бойындағы «Гүлдәурен» балабақшасында орналасқан №119 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жаңа Конституция жобасы бойынша өткізіліп жатқан референдумға дауыс беруге келген алғашқы тұрғындарға есігін ашты. Өз сайлау учаскесіне дауыс беруге ең бірінші болып келген облыстық обаға қарсы күрес стансасының инженер-механигі Марат Шериповке №119 сайлау учаскесінің төрағасы Күлсім Төлембайқызы Шоқпарова сыйлық табыстады. Марат Шерипов обамен күрес мекемесінде 18 жылдан бері жұмыс істейді. Екі баланың әкесі, немерелері бар. Ол тұрғындарды бүгінгі саяси науқанға белсенділікпен қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ұлытау облысының әкімі дауыс берді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков республикалық референдум аясында өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.