Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум – азаматтық ұстанымыңды білдіретін сәт
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екенін ескерсек, бүгін әр таңдау мен әр дауыстың салмағы зор. Республикалық референдумға қатысып жатқан білім саласының мамандары осылай дейді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректоры Саламат Ыдырысов бұл күн ел тарихында айрықша маңызды күн болып қалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Түркия Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Қазақстанның референдумға сапалы дайындалғанын атап өтті
Түркия Республикасы Жоғарғы сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер Астана қаласындағы №149 сайлау учаскесіне барып, Қазақстанда өтіп жатқан жаңа Конституция бойынша референдум туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Маңғыстау облысында сайлау учаскелерінде фотозоналар ұйымдастырылды
Бүгін республикалық референдум өткізілуіне байланысты Маңғыстау облысының бірқатар сайлау учаскелерінде арнайы фотозоналар ұйымдастырылды. Олар тақырыптық баннерлер мен пресс-стендер арқылы бірыңғай визуалды стильде безендірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2026
Атыраулық әжелер референдум учаскесіне ақ кимешекпен келді
Атырау қаласының маңында бірнеше елді мекен бар. Соның бірі – Кеңөзек ауылдық округіндегі Тасқала ауылы. Бұл ауылдағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде №255 референдум учаскесі орналасқан. Референдум учаскесіне ақ кимешек киіп, ақ жаулық тартқан әжелер дауыс беруге келді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ұлытау облысында өндіріс саласының қызметкерлері дауыс берді
Ұлытау өңірінде өткен референдумда түрлі сала өкілдері белсенділік танытып, өз азаматтық позицияларын білдіру үшін учаскелерге келді. Солардың қатарында өндіріс, кәсіпорын саласының қызметкерлері мен жұмысшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.