Үкімет • Бүгін, 08:17
Құрылысты цифрландыру қарқыны күшейеді
Елдегі құрылыс саласының жайы, тұрғын үй құрылысының қарқыны мен цифрландыру мәселелері Үкіметтің кезекті отырысында қаралды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында құрылыс сапасын көтеру, саланы жаңа цифрлық жүйелер арқылы реттеу әрі жаңа Құрылыс кодексі аясындағы өзгерістер сөз болды. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысын жүйелі дамыту мен құрылыс жұмыстарын бақылауды күшейту бағытындағы міндеттер айқындалды.
Спорт • Бүгін, 08:15
Аустрияның Линц қаласында дзюдодан өткен гран-при додасынан балуандарымыз 1 алтын, 1 қола медаль еншіледі.
Реформа • Бүгін, 08:12
Мәжіліс төрағасы Париждегі бүкіләлемдік саммитке қатысты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Парижде Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты.
Жәдігер • Бүгін, 08:10
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейінің көшпелі тұрмыс мәдениетіне арналған бөлімінде XIX ғасырда жасалған асадал мен төсекағаш сақтаулы тұр. Құнды жәдігерлерді кезінде Торғай ауылының тұрғыны Дәметкен Есмағұловадан осы мұражайды ашқан Өзбекәлі Жәнібековтің өзі барып сұрап алған.
Саясат • Бүгін, 08:07
Жаңа Ата заң – сын-қатерлерге берілген жауап
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өңір жұртшылығымен және кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.