Қазақстан • 31 Наурыз, 2017
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері жөнінде партиялық тыңдау өткізді. Оған депутаттар, министрліктер мен Орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2017
Дариға Назарбаева: Әскерилердің әлеуметтік мәселелері шешілетін болады
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитеттің көшпелі отырысында мемлекеттік шекараны күзету мәселелері талқыланды. Шара ҰҚК Шекара қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2020 әскери бөлімінің аясында өтті.
Үкімет • 31 Наурыз, 2017
Технологиялық жаңғыртудың өрісі кең
Газетімізде бұған дейін хабаранғанындай, өткен бейсенбі күні Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс бабындағы сапармен келген болатын. Кеше оның өңірдегі сапары одан әрі жалғасты.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2017
XXV сессияның күн тәртібі талқыланды
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен өзекті міндеттерін талқылау жиыны өтті. Еліміздегі этномәдени бірлестіктер өкілдері бас қосқан жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай, Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко және аталған ұйым атынан сайланған депутаттар қатысты.
Жанболат Аупбаев. Құсни-Қорлан
2010 жылғы шілде айы еді. Елді елең еткізген бір оқиға болды. «Ол не?» дейсіздер ғой. Атақты Естай ақын әнінің прототипі Қорлан апамыз бар емес пе?! Міне, сол асылымыздың зираты табылыпты. Білмей келіппіз, сұлулық символы болған ғазиз жанның бейіті оқиға болып, ән туған Павлодар өңіріндегі Маралды маңайында емес екен. Ол сонау Ресей Федерациясындағы Алтай өлкесінің Славгород төңірегінде болып шықты. Міне, сол жерде бүкіл бір халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, ұлт махаббатына айналған қазақтың хас сұлуы 30-жылдардың аяғында мәңгілік сапарға аттаныпты.