Туризм • 06 Ақпан, 2026
Кейінгі кезде жер жәннаты Жетісуға келген туристер саны 11%-ға артса, шетелдік қонақтар легі бірден 60%-ға ұлғайған. Бұл облысқа халықаралық деңгейде қызығушылық өсіп келе жатқанын көрсетеді. Туристік қызмет көлемі 17%-ға көбейіп, өңірдегі нөмірлік қор 23 мың төсектік орынға дейін жеткен. Яғни инфрақұрылым мен сервис сапасы да қатар дамып келеді.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Зейнетке шығып, өткен өмірге көз салып ойлап қарасам, әр отбасында атаның орны бөлек екен. Біздің атамыз Үдербай баласы Смағұлды бүкіл ауыл сыйлайтын. Арабша сауатты, Құран кітабын жатқа оқитын және қолма-қол қазақшаға аударып түсіндіретін.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
1999 жылғы сәуір айының жиырмасы. Көктемнің ортасы болса да, қыс оңайлықпен берілетін емес. Әсіресе сол күні бар ызғарын айрықша төгіп тұрған. Солтүстіктен көтерілген суық жел бұрынғы теңізді бөліп салынған Көкарал бөгетін ауыр толқындармен соққылай бастады. Теңіз үстіне сұп-суық, қап-қара ауыр бұлттар жер бауырлай жылжып еңсені езе төніп келеді.
Тарих • 06 Ақпан, 2026
Алаш офицерінің беймәлім тағдыры
Ел азаттығы жолында азаматтық қажыр-қайратын, зиялы білім-білігін, қайраткерлік табандылығын аямаған Алаш тұлғаларының жуан ортасында Атырау өңірінің перзенті Рахметолла Қаржаубаевтың есімі ілтипатпен аталады. Бірақ біз оның азапты соқпақты жүріп өтіп, 1970 жылы Жуалы топырағында қайтқанын білдік пе?
Әлем • 06 Ақпан, 2026
Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына үнді елінде 30 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берді. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай шешім екіжақты байланыстарды нығайтуға, әсіресе елдер арасындағы туристік, медициналық бағыттарды дамытуға негізделген.