Экономика • 06 Ақпан, 2026
Ертіс пен Үбінің тоғысқан тұсынан орын тепкен Шемонаиха – шаруашылығы шалқыған, мыс кені балқыған бақуатты аудан. Өндірісі мен өнімі асып-тасқан кең жазираның топырағы майлы, ел көңілі жайлы. Ауданды алға тартып келе жатқан іргелі өндіріс орындарының бірі – жем тарту комбинаты. Шекара шебіндегі бұл кәсіпорынның іргетасы 1999 жылы қаланып, сол кезеңнен бастап өңірдің агроөнеркәсіптік дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Медицина • 06 Ақпан, 2026
Өтінім азаматтың жеке қатысуынсыз қаралады
Биылғы қаңтар айынан бері медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) шеңберінде мүгедектікті белгілеуге қатысты 9,1 мың өтінім сырттай форматта қаралды.
Қоғам • 06 Ақпан, 2026
Бүгінде елімізде 2 млн 491 мың зейнеткер бар. Былтыр оларға республикалық бюджеттен 4 трлн 225 млрд теңге сомасында зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 368,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 856,6 млрд теңге жұмсалған.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Алматы облысында жолаушылар тасымалындағы өзекті мәселенің бірі қоғамдық көліктің жай-күйі еді. Тұрғындар автобустардың ескіргені мен қыс айларында салонның суық болатынына жиі шағымданатын. Кейінгі үш жылда облыстағы 240 автобустың 113-і жаңартылды. Бұл жалпы автобус паркінің 47 пайызын құрайды.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2026
Арқалықта тағы бір көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қала орталығындағы жаңа үйге біраздан бері баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, кәмелетке толған жетім балалар мен зейнеткерлер қоныстанды.