Әлем • Кеше

Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері АҚШ президенті Дональд Трамптың Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясының аумағына «рұқсатсыз кірген» ер адамды атып өлтірді. Бұл туралы АҚШ Құпия қызметінің баспасөз хатшысы Энтони Гульельми X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды

Фото: forbes.ua

Энтони Гульельми қаза тапқан адамның есімін атамай, тек оның 20 жаста болғанын хабарлады. Жарияланған мәлімдемеде ер адамның президент резиденциясының солтүстік қақпасы маңында мылтыққа ұқсас затпен және жанармай құйылған ыдыспен жүргені байқалғаны айтылған.

Дональд Трамп Иранға күш қолдануды талқылайды

Хабарламаға сәйкес, күзетілетін аумақта қарулы болуы мүмкін ер адам анықталғаннан кейін Құпия қызмет агенттері мен шерифтің орынбасары алдымен онымен байланыс орнатқан. Алайда күдікті агрессивті әрекет еткен соң, күштік құрылым қызметкерлері оны атып тоқтатуға мәжбүр болған. Полиция мен Құпия қызмет өкілдерінің ешқайсысы зардап шекпегені атап өтілді.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін

Сондай-ақ оқиға кезінде Трамп резиденцияда болмағаны, оның Вашингтонда болғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар