Теннис • 03 Ақпан, 2026
Елена Рыбакинаның толайым табысы
Екі аптаға жуық уақыт бойы төрткүл дүние жанкүйерлері тамсана тамашалаған Аустралияның ашық біріншілігі өз мәресіне жетті. Еліміз үшін осы дүбірлі дода сәтті аяқталды деп айтуға толық негіз бар. Себебі Мельбурнде Елена Рыбакина бас жүлдені олжаласа, Анна Данилина финалда ғана ұтылды. Ал Заңғар Нұрланұлы жартылай финалға дейін жетті.
Мектеп • 03 Ақпан, 2026
Тозығы жеткен мектептер жөнделеді
Мемлекет тарапынан ағартушы салаға айрықша қолдау көрсетіліп, қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, Жамбыл облысында әлі күнге дейін 1 апатты және 11 тозығы жеткен, 17 оқушы орны тапшылығы бар білім ордасы тіркелген. Тоз-тозы шыққан білім ордасы шалғайдағы Мойынқұм ауданына қарасты Күшаман ауылында орналасқан.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2026
Талдықорған қаласы кейінгі жылдары қарқынды даму жолына түсті. Алдағы жылдары қосымша 3 шағын ауданның іргесі қаланады. Жаңа мектептер мен медицина мекемелері ашылады. Қала экономикасында тұрақты өсім сақталған. Мәселен, өткен жылы бұл көрсеткіш 107%-ды құрады.
Спорт • 03 Ақпан, 2026
Ресейдің Красноярск қаласында Иван Ярыгин мемориалы аяқталды. Бірінші болып бозкілемге шыққан еліміздің еркін күрес шеберлері тегіс ұтылды. Бұрымдылар бәсекесінде Лаура Әлмағанбетова (52 кг) финалға дейін жетіп, жергілікті спортшы Александра Скиренкоға жол берді. Виктория Хусаинованың (59 кг) да шешуші тұста Ресей өкілі Светлана Липатоваға әлі жетпеді. Барлық қарсыласын сыпыра ұтқан Жәмилә Бақбергенова (72 кг) алтыннан алқа тақты. Финалда ол моңғолиялық Болртунгалаг Зоригті жеңді.
Ғалам ғажаптары • 03 Ақпан, 2026
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалардың шамамен үштен бірі кітапты қалай қолдануды білмейтіні анықталды. Мұғалімдердің айтуынша, кейбір оқушылар кітап бетін парақтаудың орнына оны смартфон экраны сияқты сипап, басып көріп, одан жауап күтеді.