Қоғам • Бүгін, 11:52
Алматыда қандай кітапханалар тәулік бойы жұмыс істейді?
Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісін кеңейту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыны «ұйықтамайтын» мегаполиске айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында жалғасып жатыр. Ақпан айынан бастап тағы екі қалалық кітапхана – Әуезов ауданындағы Қазақстан жазушылары кітапханасы және Бостандық ауданындағы Алматы Кітапханаларының филиалы 24/7 режимінде қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:43
Ерболат Саурықов: Ата Заң зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды күшейтеді
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов «Ауыл» партиясы атынан жаңа Конституция жобасына қатысты баяндама жасады. Депутаттың айтуынша, партия өкілдері БАҚ пен қоғамдық алаңдарда түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатқанына қарамастан, партия ішінде жаңа Конституция жобасын қосымша талқылауды қажет деп санаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 11:40
675 сәтті операция: БҰҰ қазақ бітімгерлерінің қызметін жоғары бағалады
Таяу күндері Қорғаныс министрлігінің делегациясы инспекциялық сапармен Голан жоталарындағы БҰҰ Күштерінің бөлінген аймақты бақылау жөніндегі миссия орындалатын өңірге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Бүгін, 11:35
Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзімге бекітіледі
Конституциялық реформаны саяси эмоциямен емес, нақты деректер мен ұзақмерзімді өзгерістер логикасы арқылы бағалау қажет. Бұл туралы мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев айтып, ескерті, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:20
Заңсыз марганец өндірген қостанайлық тұрғын сотталды
Ұлытау облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша ірі қылмыстық схема анықталып, сот үкімі шықты. Тергеу деректері мемлекетке миллиардтаған теңге көлемінде залал келтірілгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.