Үкімет • 27 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы тапсырмаларын жүзеге асыру жайы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде қала активі мен елорданың Қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Басқосуда әлеуметтік саланың жай-күйі және Мемлекет басшысының елордадағы өмір сапасын одан әрі арттыруға бағытталған тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2025
«Қамқорлық» орталығының қызметімен танысты
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге Астанадағы әлеуметтік нысандар – «Қамқорлық» ерте араласу және психоәлеуметтік оңалту орталықтарының қызметімен танысты. Мекеме ұжымдарымен кездесуде мүгедектігі бар балаларды оңалту, оларға қызмет көрсету және ортаға бейімдеу шараларын жетілдіру ісіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2025
Салалық ынтымақтастық орныға түсті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайға жұмыс сапары барысында Ханчжоу қаласында Чжэцзян провинциясы партия комитетінің хатшысы Ван Хао мырзамен, сондай-ақ Қытайдың жетекші өнеркәсіптік компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Қожаның рөлін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаев дүниеден озды
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист әрі кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды
World boxing ұйымы 2025 жылдың үздік боксшылары (ерлер,әйелдер) және үздік жекпе-жегін дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.