Қоғам • 31 Қаңтар, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 24 отбасына пәтер кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелері – әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар. Пәтерлер шаһардың Тұран шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден берілді. Баспаналы болған отбасылар пәтерлердің тек жалдау құнын төлеп тұрады.
Ғалам ғажаптары • 31 Қаңтар, 2026
Ақылды роботтар қазірдің өзінде зауыттарға кіре бастағанымен, адам еңбегін толық алмастыратын деңгейге әлі жеткен жоқ. Мұны осындай роботтарды шығаратын ірі компаниялардың бірі UBTech өкілдері мәлімдеді.
Басылым • 31 Қаңтар, 2026
Қазақ публицистикасында дара қолтаңбасымен танылған белгілі қаламгер Шархан Қазығұлдың «Сегізінші нота» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жуырда оқырман қолына тиген бұл еңбек – автордың тұлғатану бағытындағы ұзақ жылғы шығармашылық ізденісінің нәтижесі.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026
Ойыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары Барқын құмында қаңтар-ақпан айларында қарағай бүршіктерін жинайды. Қанар қапшықтарға толтырылған бүршіктер жылы жерде кептіріліп, арасынан қанатша пішіндес дәндері іріктеледі.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы таратқан бір мәліметке жанымыз жылыды. Өткен жылды қорытындылаған филиал мамандары Жалағаш ауданында бірде-бір отбасының ажырасуы тіркелмегенін айтып отыр. Олар мұны сирек кездесетін құбылысқа балайды.