Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу мақсатында ауқымды тексеріс жүргізілді. Қаланың ең ірі көтерме базары саналатын «Барыс-4» нысанындағы мониторинг барысында бағаны негізсіз құбылтып келген 9 делдал анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Сәуір, 2026
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Атырау қаласында жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген жасөспірім қыз құтқарылды. Бұл туралы 112 қызметіне түскен хабарлама негізінде белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Сәуір, 2026
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының машина жасауды дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Еуропа, Канада және АҚШ-тың ауылшаруашылық техникаларын шығаратын жетекші компаниялары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге қатысушылар өнеркәсіп кооперациясын тереңдету, өндірісті локализациялау және отандық кәсіпорындарға заманауи агротехнологиялар енгізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 27 Сәуір, 2026
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Ақтөбеде алаяқтар мекемелердің атын жамылып, ер адамнан 5 миллион теңгеден астам қаржы ұрлаған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.