Оқи отырыңыз
Талдықорғаннан Тайыншаға дейін...
Көшпенділік көнеден келе жатқан ата дәстүріміз, баба бағытымыз десек қателеспеспіз. Жанға жайлы жайлау, малға жайлы қыстау, көңілге қонымды көктеу, күтімі жақсы күзеуге орналасу – мал баққан қазақтың маңызды шаруасының бірі еді.
03 Сәуір, 2020
Ыстамбұл мен Мысырдан індет әкелген екі әйел адам ауруханадан шықты
Бүгін, 3 сәуір күні таңертеңге дейін Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді.
03 Сәуір, 2020
Қолың таза болмаса, бетперде көмектеспейді
Сау адамдарға бетперде тағудың қажеті жоқ, коронавирустан бетперде құтқара алмайды деген пікірді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич айтқан. «Риа Новости» ресми өкіл бұл пікірді қазір әлемде медициналық емес бетперделерді жасау көбейіп кеткен соң айтты деп хабарлайды.
03 Сәуір, 2020
Оралман қасқыр (этнографиялық әңгіме)
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Алтайдың арғы бетіндегі туған ауылыма бардым. Сонда естіген мына бір оқиға әлі есімде. Бізге жамағайын, алыс рулас апамызға үйленген, әрі көп жыл көрші отырған Саяси атты жездеміз бар. Мен барғанның ертеңінде сол жетті.
03 Сәуір, 2020
Арнайы жиын әр азаматтың іс жүзінде патриотизмін көрсетуге мүмкіндік береді - министр
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев төтенше жағдай кезінде шақырылатын әскери міндеттілер жайында айтты.
03 Сәуір, 2020
Кейбір облыстарда әскери міндетке шақыру мүлдем қажет болмауы мүмкін - Н. Ермекбаев
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев кейбір облыстарда әскери міндетке шақырып, жиын жасақтау мүлдем қажет болмауы да мүмкін екенін айтты.
03 Сәуір, 2020
Бір кәсіпкерге кредиттік қолдау көлемі 7 млрд теңгеге дейін ұлғайды - Ж. Мəдиев
«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша бизнес жобаларын кеңінен қамту үшін салалық шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мəдиев Орталық комминикациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
03 Сәуір, 2020
Қоғамның әр бір санатына қатысты шаралар жеке қаралуда - Е.Тоғжанов
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты өз пікірін Facebook парақшасында жариялады.
03 Сәуір, 2020
Шағын және орта бизнес жұмысын тоқтатпау үшін шұғыл шаралар пакеті әзірленді
Төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнес жұмысын жүргізу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен шұғыл шаралар пакеті әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мəдиев Орталық комминикациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте айтты.
03 Сәуір, 2020
Жамбылда коронавирус жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді
Өкінішке қарай, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, науқас Тараз қаласының тұрғыны екен. 69 жастағы азамат ағымдағы жылы 1 сәуір күні індет жұқтырған адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған.
03 Сәуір, 2020
Ұлттық тағамдар індетке қарсы қабілетті көтереді
Отандық және шетелдік медик-ғалымдардың тұжырымдауынша бүгінгі пандемия жағдайындаағзаның жалпы қорғаныс қабілетін көтере білудің пайдасы өте мол. Дүниені дүрліктірген COVID-19 дерті ең алдымен өз щеңберін адамның тыныс мүшесі –өкпеге салатыны белгілі болып отыр. Коронавирус инфекциясының қатерлі болуының ең басты себебі асқынтып алған жағдайда өкпені мүлдем істен шығаратынында екен.
03 Сәуір, 2020
Ең мұқтаж азаматтарға 50 мың теңгеден бөледі
«Birgemiz» қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының дәрігерлерін қолдауға 100 млн теңгеден астам қаржы бағыттайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін құрылған «Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.
03 Сәуір, 2020
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдайлар кезеңінде табысынан айырылуына байланысты азаматтардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) төлем алуға өтініш беру рәсімін жеңілдету үшін арнайы Telegram-ботты іске қосады. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
03 Сәуір, 2020
COVID-19 пандемиясына байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдай күрделенген кезде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау мақсатында жасаған мәлімдемесінің маңызы өте зор.
03 Сәуір, 2020
Бүгіннен бастап, Петропавл қаласы карантинге жабылды. Осы кезден бастап ешқандай көліктің қалаға кіруіне рұқсат жоқ. Барлық көшелер мен тротуарлар, алаңдар дезинфекцияланады. Барлық қоғамдық орындар, парктер жабық.
03 Сәуір, 2020
Бүгінгідей қысылтаяң тұста ел ішінде індет етек алып кетпеу үшін мемлекет қыруар күш жұмсап, көптеген шара қабылдап жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыған қатысты мәлімдемесі мені де бейжай қалдырған жоқ.
03 Сәуір, 2020
5 миллион маска тегін жеткізіледі
Президент жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысы негізінде, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры, қазақстандық «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен 5 миллион маска алуға келісім жасады.
03 Сәуір, 2020
Наурыздың соңына дейін барлық сақтық шаралары қатаң сақталып, індеттен аман келген Түркістан облысын коронавирус айналып өтпеді. Айдың соңында Жетісай ауданы тұрғынының індет жұқтырғаны жария етілді. Ал сәуірдің алғашқы күні аталған ауданнан тағы 4 адамнан ауру анықталды.
03 Сәуір, 2020
Жуырда Май аудандық «Шамшырақ» газетінің 80 жылдығы аталып өтті. Мерейтойға орай өткен жиынға газет ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары-оқырмандар қатысты. Жиналған қауымды аудан әкімі Марат Ақтаев құттықтап, басылым ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
03 Сәуір, 2020
Жуықта қытайлық кинематографистер жасаған ортағасырлық тарихтан сыр шертетін сериалды тамашалап отырып, мына бір эпизодты аңдадық. Бас кейіпкер патша уәзірлерін шақырып: «Үш ұлымның қайсысы мұрагерлікке лайық екенін айтыңдар» дейді. Көпшілік көркем мінезді үлкен ұлды құп көреді. Патша: «Ол жарамайды, өйткені оның бойында ұлы арман жоқ, яғни армандай алмайды», – деді. Осы сөзді естігенде ойыма бірден атақты Шыңғыс қағанның «Арманың қанша асқақ болса, арғымағың сонша шабысты болады» деген ұлағаты орала кетті.
03 Сәуір, 2020