Оқи отырыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы Жарлығын өте орынды деп санаймын.
06 Сәуір, 2020
Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылсын деген Жарлығына қосыламын. Өйткені әлемде қандай жағдай болып жатқанын кез келген саналы адам түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан бұған түсіністікпен әрі жауапкершілікпен қарау керек.
06 Сәуір, 2020
28 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырып алды
Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте еліміздегі коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайына тоқталған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 28 медициналық қызметкердің ауру жұқтырып алғанын айтты.
06 Сәуір, 2020
Танкерлердің қайда баратыны белгісіз
Шикізат өндірісін ұлғайтқан Сауд Арабиясы кейбір танкерлерін жіберетін жер таппай жатыр. Wall Street Journal-дың хабарлауынша, әлемдегі аса ірі мұнай экспорттаушы ел шикізат соғысының салдарынан осындай қиындықпен бетпе-бет келді.
05 Сәуір, 2020
Биыл ауыл халқының 87% астамын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр
Биыл елімізде ауыл халқының 87% астамын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
05 Сәуір, 2020
Ресей тығырықтан шығар жол іздейді
Экономикасы мұнайға тәуелді елдер үшін қаржылық қиындықты еңсеру оңайға түспейтін деп тұр. Кейбір алдын ала жоспарланған мемлекеттік бюджеттің қайта қаралуына, резервтегі қаражаттың әлеуметтік салаларды қашанға, қаншалықты жететінін екшелеп алуға кірісіп кетті. Өйткені «жығылғанға жұдырық» болған коронавирустың салдарынан жаппай карантин жарияланып, қазынаға бизнестен түсетін табыс кемуде. Оның үстіне жұмыссыз халықтың қарасы көбейді. Әлемдік экономиканы екі өкпеден қысқан мұнай бағасымен коронавирустың салқынын сезініп, қысылтаяң сәтте тығырыққа тірелген елдердің бірі көршілес Ресей.
05 Сәуір, 2020
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Путиннің сөзіне жауап берді
«Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Аль Сауд Президент Владимир Путиннің мұнай бағасын төмендету арқылы американдық тақтатас компаниялары арасында «бәсекелестерден құтылуға» ұмтылысы туралы Президент Владимир Путиннің жақында айтқан мәлімдемесі жалған деп мәлімдеді» деп хабарлайды SPA мемлекеттік агенттігі.
05 Сәуір, 2020
CDC: Қазақстанда вирустың таралуы баяу
АҚШ коронавируспен күрес барысында Орталық Азияға қандай көмек көрсетеді? Өңір елдерінің қатерлі дертке әзірліктері қалай? Осы және өзгеде сұрақтарға АҚШ-тың Ауруды бақылау және таратпау орталығының (CDC) Орталық Азия бойынша офисінің директоры Даниэл Сингер мен USAID-тің Орталық Азиядағы денсаулық сақтау және білім офисінің директоры Джошуа Карнс онлайн брифинг барысында жауап берді.
05 Сәуір, 2020
«Карантиндегі жұлдыздар»: Бүгін Майра Мұхамедқызы онлайн концерт береді
Әсем әуен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны белгілі. Пандемия, карантин, мәдени өмірден оқшау қалу – мұның барлығы адамзат үшін үлкен стресс. Осы себептен бүгінгідей күрделі жағдайда «Қазақтелеком» АҚ Мәдениет және спорт министрлігімен бірге Қазақстан халқына эмоционалдық қолдау көрсету мақсатында Қазнет үшін «Карантиндегі жұлдыздар» бірегей жобасын ұсынады.Күнде кешкі уақытта сіздер талантты әншілерімізді тыңдап, керемет инструменталдық орындаушылық өнерін тамашалай аласыздар. Хабар онлайн режимінде өтеді, олай болса, әрбір қазақстандық сүйікті жұлдыздарын тыңдап, көріп қана қоймай, олармен тікелей эфирде тілдесе де алады.
04 Сәуір, 2020
Дағдарыс жаңа есімдерді жарыққа шығарады
Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева Әлемдік экономикадағы жағдай 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезеңінен гөрі нашар деген пікір білдірді. Бұл хабарды бүгін таңертең ТАСС таратты.
04 Сәуір, 2020
COVID-19 сәуірдің соңында тоқтайды - қытайлық дәрігер
Коронавируспен күрес жөніндегі Қытай Үкіметінің кеңесші дәрігері һәм ғалымдар тобының жетекшісі Зон Наншань кеше Шэнжэнь қалалық телеарнасына сұхбат беріп: «Бұйырса, осы сәуір айының соңына таман жаһанды жайлаған індеттің беті қайтып, бақылау мүмкіндігі артатын болады. Десе де, одан кейінгі жағдай көмескі. Келер көктемде қайта бас көтеруі де мүмкін екенін жоққа шығара алмаймын. Сондықтан біз вирустың болуы мүмкін екінші дауылына да төтеп берудің жолын қарастырып жатырмыз», - деді.
04 Сәуір, 2020
Коронавирустың көлемі һәм ол қалай тарайды
Жаһанды жайлауға шақ қалған коронавирус жайлы дәрігер вирусологтар қазіргі таңда жатпай-тұрмай, таңды таңға ұрып зерттеу жасап жатыр. Өйткені, індеттің шығу тегін, сапа-сипатын, мөлшер-көлемін, өмір сүру мерзімін, таралу жолы мен жұғу факторын анықтап алмайынша, онымен күресу тәсілі нәтиже бермейді дейді дәрігерлер.
04 Сәуір, 2020
Үкімет Ұлттық қордың көмегіне тағы да жүгінеді
Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы, салықтық преференциялар мен жергілікті деңгейде қолдауды қоспағанда, 4,4 трлн теңге немесе 10 млрд АҚШ долларын құрайтыны белгілі болды.
04 Сәуір, 2020
Жел тұрып, тұман түседі: Бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
04 Сәуір, 2020
Түркістан: Инфекция жұқтырғандар арасында нәресте бар
Түркістан облысында 3 сәуір күні коронавирус індетін жұқтырған соңғы 3-еудің бірі 2019 жылы туған нәресте екені мәлім болды.
03 Сәуір, 2020
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған адам Мысырдан ұшып келген
1991 жылы туған азаматша 21 наурыз күні Шарман-Шейх – Алматы әуе рейсімен ұшып келген. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы арқылы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты.
03 Сәуір, 2020
Жамбылдық полицейлер қан тапсырды
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты коронавирус індетінің алдын алуға қолдау көрсету мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қан тапсырды. Полицейлер қан тапсыру арқылы халыққа көмектесуді тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен де көрсетуді өздеріне міндет санапты.
03 Сәуір, 2020
Егеменнен ертегі. Қасқыр мен аю
Салтанат апаларыңыз бүгін сіздерге «Қасқыр мен аю» ертегісін айтып береді.
03 Сәуір, 2020
Жұма: Алматыда 28 індет ошағы карантинде тұр
Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 3 сәуірдегі мәліметтеріне сәйкес, мегаполисте 28 індет ошағы бар.
03 Сәуір, 2020
28 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды - Елжан Біртанов
Қазақстанда карантиндік стационарлардағы 28 медицина қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.
03 Сәуір, 2020