Редакция таңдауы
Жаһандық рекордтар кітабына енді
Амангелді ауданындағы «Торғай тәжі» туристік кешенінде орналасқан «Ұлт жады» қабырғасы «Global Book of Records» кітабына енді. Ені – 35, биіктігі – шамамен 4 метрдей болатын мемориалдық нысанға қазақ қауымына қастерлі 248 тарихи тұлғаның есімі жазылған ескерткіш тақта ілінген. 200 тақтаның астындағы ұяшықта әлемнің 35 елінен арнайы әкелінген ұлы бабаларымыздың сүйек топырағы жатыр.
09 Тамыз, 2025
Тараз қаласында кейінгі жылдары ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс орталығының маңындағы Байзақ, Жамбыл аудандарынан бірнеше елді мекен енші алып шығып, қала аумағына қосылды. Нәтижесінде, Тараз қаласында «Жібек жолы», «Әулиеата» аудандары құрылды. Бұл өз кезегінде шаһардағы жұмысты дер кезінде жүйелеуге мүмкіндік туғызады. Өйткені шағын аудандардағы біршама мәселе алдымен екі аудандағы әкімдікте зерделенеді.
09 Тамыз, 2025
Көптен күткен грант конкурсының нәтижесі жарияланды. Әлеуметтік желілерде тараған талапкерлер мен ата-аналарының қуанышты видеолары жүрек толқытады. Ал сол грант кімге бұйырды, қай мамандыққа бөлінді? Бөркін аспанға атқандардан бөлек үміттенсе де ілікпеген 36 мың адам тағы бар, оларға келер жылға қалмай-ақ биыл тегін білім алуға әлі де мүмкіндік қарастырылған ба? Зерделеп көрдік.
09 Тамыз, 2025
Қазақстан көпвекторлы саясаттың үлгісін көрсетіп отыр
Биылдың өзінде Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы стратегиялық көпір мәртебесін нығайта отырып, көптеген форум, саммиттер мен әлемнің бірқатар көшбасшыларын қабылдады.
09 Тамыз, 2025
Кемеңгер ойлары – келелі кеңесте
Орал қаласында «Абай мұрасы – ұлт руханиятының алтын діңгегі» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.
09 Тамыз, 2025
Президент Арман Әбдірәсіловті жауапты қызметке тағайындады
Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2025
Құрылысшыларға мемлекеттік наградалар табысталды
Құрылысшы күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр Олжас Бектенов сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2025
Қажымұқанның Шыңғыстауда қалған ізі
Ұлы Абайдың 1945 жылы өткен 100 жылдық мерейтойына шақырылған қадірлі меймандар арасында атақты Қажымұқан балуан да болған. Оған мына бір сурет дәлел. Бұл фото тарихи той үстінде түсірілген екен.
08 Тамыз, 2025
Білеміз, білеміз: әдебиет әлемі нөмірлеуге келмейді, көнбейді. Әйтсе де, бір тәуекел етіп байқайықшы.
08 Тамыз, 2025
Биыл ардақты ұстаз, танымал философ-ғалым Төлеуғазы Әбжановтың туғанына – 90 жыл. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген халқымыз, әр адам өзіне тиесілі маңдайға жазылған ғұмырды сүретіні заңдылық. Өзі өлгенмен сөзі өлмейтін, ғалымдық, ұстаздық жолда атқарған еңбегі мен ізгі істері, ұлағатты өмір жолы шәкірттері біздер үшін ешқашан ұмытылмақ емес.
08 Тамыз, 2025
Ұлы тұлғаның атаулы мерейтойларының қарсаңында шығармаларының академиялық жинағын даярлауға талпыныстар болып тұратын. Солардың ішіндегі академиялық сипатқа ие басылымдарды, негізінен, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары көзі тірі кезінде М.Әуезовтің басшылығымен дайындаған.
08 Тамыз, 2025
Биыл ұлттың ойын жаңа арнаға салып, әдебиеті мен өнерін биік деңгейге көтерген дала данышпаны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Бұл – еліміз бен халқымыз үшін айтулы дата, маңызды мерекенің бірі. Себебі, қазақ өркениеті бүгінде Абайға дейін және Абайдан кейін деп сараланады. Дәуірлерді жіктеген данышпанның тойы туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзінде «Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек» деп арнайы тапсырма берген еді.
08 Тамыз, 2025
Салық кодексінің ережелері талқыланды
Сенат депутаты Евгений Больгерт пен Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Семей қаласында жергілікті бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда талқыланған басты тақырып – жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері.
08 Тамыз, 2025
Этномедиация: татулық пен үйлесім
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақтау қаласында «ҚХА-ға 30 жыл: бірлік пен келісім» атты республикалық этномедиаторлар форумында ұлттар татулығын сақтау, ел ішінде іріткі туғызбау, оның алдын алу тұрғысындағы атқарған жұмыстарын ортаға салып, алдағы жоспарларын талқылады.
08 Тамыз, 2025
Базарлардың өртенуі неліктен жиілеп кетті
Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында журналистер төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаевтан елімізде базарлардың өртенуіне қатысты жағдайлар неліктен жиілеп кеткенін сұрады, деп жазады Egemen.kz.
07 Тамыз, 2025
Әр желі – елдің стратегиялық тірегі
Елдегі энергетика жүйесі – тіршіліктің тамыры іспеттес. Энергетикаға мемлекеттік тұрғыда мән берілетіні де сондықтан. Көршілес мемлекеттерге тәуелді болмай, жарықтың самаладай жарқырап тұруының астарында мыңдаған энергетиктің зор еңбегі тұр. Қазіргі уақытта «KEGOC» энергетиктері ауа райының түрлі тосын мінезіне қарамастан алдағы қыс маусымына дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.
07 Тамыз, 2025
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысында туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Маңғыстау» туристік аймағын дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
07 Тамыз, 2025
Медициналық мекемелер салынады
Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында елімізде заңсыз шетелге шығарылған активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік нысандар салу жұмысы жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Қызылорда облысындағы денсаулық сақтау саласындағы бірқатар жобаға шамамен 7 млрд теңге бөлінді.
07 Тамыз, 2025
Көлік саласындағы мәселелер талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындауға қатысты жиын өткізді.
07 Тамыз, 2025
Абай мұрасы ұлтпен бірге жасай береді. Әр буынның міндеті – ақын шығармаларының мазмұны мен мағынасын, көркемдік әлемін білумен бірге даналық ілімін меңгермекке бағытталуы керек. Өйткені Абайдың ақыл-ой байлығынан туған қасиетті рухани құндылықтар оның ілімінде сақталған.
07 Тамыз, 2025