Редакция таңдауы
Берік сенімге негізделген бауырластық
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Кездесудің нәтижесінде тараптар Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы Ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025–2026 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды.
19 Тамыз, 2025
Парламентаралық байыпты байланыс
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті. Тараптар парламентаралық ықпалдастықты арттыру мәселесін талқылап, екіжақты қарым-қатынастың өзекті жайттары бойынша пікір алмасты.
19 Тамыз, 2025
Аляскада жүздескен Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөзі 3 сағатқа жетер-жетпес уақытқа созылды. Анкоридждегі әскери базада АҚШ басшысы Ресей президентін қызыл кілем төсеп, құрметпен қарсы алды. Кездесуде екі тарап Украинадағы соғыста тоқтату туралы нақты келісімге келмесе де, АҚШ-Ресей қарым-қатынасы жақсара түскендей болды.
19 Тамыз, 2025
Жастарға баспана сыйлаған бағдарлама
Қалаға жұмыс бабымен қоныс аударып, тұрақтап қалуды ойлаған жастарды ең әуелі баспана мәселесі алаңдатады. Олардың жұмысқа деген ынтасы зор болғанымен барлығының бірдей үйлі болуға қаражаты жете бермейді. Міне, осындай тұрақты жұмысы бар жастарға, жас отбасыларға 2019 жылдан бастап сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер беріле бастады.
19 Тамыз, 2025
Айналдырған алты жыл ішінде Қазақстан электролиз зауытының белді қызметкеріне айналып үлгерген Елдос Жұмабеков бүгінде металлургия саласының туын абыроймен желбіретіп келеді.
19 Тамыз, 2025
Абылай аспас сары бел – Арқаның құт мекеніне айналған Баянауылда төрт асылдың торқалы тойы өтті. Мойылдыбұлақ жанындағы жазық далада 80-ге жуық киіз үй тігіліп, халқымыздың салт-дәстүрі көрсетілді.
19 Тамыз, 2025
Араб елдері қызығушылық танытып отыр
Еліміз туризм саласында араб елдеріне жақсы танымал бағыттардың қатарына еніп келеді. «Khaleej Times» зерттеуі бойынша, Біріккен Араб Әмірліктері тұрғындарының 60%-ы жазғы маусымда шетелге саяхаттайды. Олардың көпшілігі отбасылық демалысқа ыңғайлы, визасыз бағыттарды таңдайды.
19 Тамыз, 2025
Келер жылдан бастап салық режімдері жеңілдейді
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде салық салудың жаңа режімдері қолданысқа енгізіледі. Олар бұрынғыдан әлдеқайда қарапайым, икемді әрі түсінікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2025
Тұлпармен түн қатқан шекарашылар
Картасын найзамен сызған бабалардың бізге қалдырған аманатын күзету – армен қорғалатын абыройлы міндет. Туған жердің тыныштығын қадағалау, әрбір қадамына қырағылық танытып, мемлекеттің берік қалқаны болу – әр сарбаздың басты борышы. Осынау мәртебелі қызметтің маңызын түсіндіретін мысалдар Түркістан облысы, Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарындағы полковник Асқар Болатов басқаратын шекара заставаларының қызметінен анық аңғарылады.
18 Тамыз, 2025
Бүгін Қазақстанда ел тыныштығын тәулік бойы күзететін Шекарашылар күні аталып өтеді. Бұл кәсіби мереке мемлекет шекарасының тұтастығын күзетіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметшілерге арналған, деп жазады Egemen.kz.
18 Тамыз, 2025
Жұртшылық аманаты назарға алынады
Шымкент қаласына сапармен барған Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы аймақтағы құрылыс барысымен танысты.
16 Тамыз, 2025
Кәсіпорындар қызметіне ЖИ енгізіледі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мәселелері бойынша жиын өтті.
16 Тамыз, 2025
Озық білімді, жаңа технологияны игерген елдің ұпайы түгел
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы өтті. Мемлекеттік орган өкілдері, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар жиналған алқалы жиында былтырғы оқу жылының нәтижелері қорытындыланып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер айтылып, тиімді, жемісті педагогикалық тәжірибелер көрсетіліп, ұрпақ тәрбиелеу, оқыту ісіндегі үздіктерді Президент марапаттады.
16 Тамыз, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Еуразиялық үкіметаралық кеңес делегациялары басшыларымен ұжымдық кездесуіне және кеңейтілген ЕҮАК отырысына қатысты.
16 Тамыз, 2025
Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуда шыңдады
Еліміздегі әскери-теңіз күштері теңізде орын алатын түрлі қауіп-қатерге тойтарыс беру операциясын жүргізудің амал-тәсілдерін пысықтады. Жедел-тактикалық оқу-жаттығу Каспий теңізінде өтті. Геосаяси жағынан маңызды стратегиялық аймақта сыналған әскери-теңіз күштеріміздің әлеуеті қандай?
16 Тамыз, 2025
2025 жылдың жарты жылындағы медальдар көрсеткіші (қаңтар – маусым): 209 алтын, 173 күміс, 172 қола. Барлығы – 554 медаль. Ел спортының еңсесін биіктетіп жүрген жампоздардың еңбегі мақтауға тұрарлық.
16 Тамыз, 2025
Әлем кітапханашылары жиыны қарсаңында
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі-2025 шарасына келушілерге арналған «Білімді біріктіру арқылы болашаққа жол ашамыз: өлкетану және генеалогия бойынша ақпараттық ресурстар негізінде көпұлтты қоғамға кітапханалық қызмет көрсету» атты кездесу өтті.
16 Тамыз, 2025
Қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған шекарашы
Бүгін Астана қаласындағы «Нұрлы жол» вокзалында ел шекарасының шегенделгеніне 33 жыл толуына орай фотокөрме өтті. Бабадан қалған байтақ даланы кірпік қақпай күзететін қырағы қызметтің сан қыры таспаланған суреттерді аға лейтенант Асхат Сәбиев түсірген. Ол 15 жылдық еңбек жолында қару мен фотоаппаратты қатар ұстаған, деп жазады Egemen.kz.
15 Тамыз, 2025
Президент жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазаламауға шақырды
Бүгін Президент Тамыз конференциясының пленарлық отырысында осы мәселені көтеріп, «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
15 Тамыз, 2025
«Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады - Тоқаев
Бүгін Президент ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясына қатысып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шыққанын, билікте де «отбасылық жүйе» жоқ екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
15 Тамыз, 2025