Редакция таңдауы
ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Комиссия мәліметіне сәйкес, жаңа Конституцияны қолдап халықтың 87,15 пайызы дауыс берді.
17 Наурыз, 2026
Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз
Елордада Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан «Наурыз балы» өтті. Мерекелік іс-шараға Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатысты.
17 Наурыз, 2026
* Ұлттық құрама көшбасшысы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева Италия астанасы – Рим қаласында каратеден өткен премьер-лига жарысының финалында британдық Рошель Уолтерсті 2-1 есебімен ұтты.
17 Наурыз, 2026
Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан, Шортанды, Аршалы, Целиноград және Атбасар аудандарындағы тасқынға қарсы іс-шаралардың орындалуын тексерді.
17 Наурыз, 2026
Жетісуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 60 нысан, атап айтқанда, 15 дәрігерлік амбулатория, 40 фельдшерлік-акушерлік, 5 медициналық пункт салынған. Өңірде ауыл халқының сапалы медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
17 Наурыз, 2026
Жаңа Конституцияның қабылдануына және референдумның сәтті өтуіне орай Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының жиыны өтті. Депутаттар дауыс беру нәтижесі азаматтардың тарихи таңдауына айналғанын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағытына деген қоғамның жан-жақты қолдауын растағанын атап өтті. Іс-шараға бейнеконференцбайланыс режімі арқылы өңірлік мәслихаттардағы партия фракциялары да қатысты.
17 Наурыз, 2026
Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
17 Наурыз, 2026
Алаш арыстарын ардақтаған жиын
Астанадағы Ұлттық музейде Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханның –160, Әлімхан Ермекұлының –135, Қошке Кемеңгерұлының 130 жылдық мерейтойына орай «Алаш арыстары» атты танымдық дөңгелек үстел өтті.
17 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысына республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның өтуіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Наурыз, 2026
Туристік сала мен балалар спортын қолдау жөніндегі заңға өзгерістер енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов: Ел тағдырына қатысты тарихи оқиғаның куәгері болдық
Премьер-министр Олжас Бектенов кешегі өткен референдумға қатысты пікір білдірді. Ол жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшысының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларына жаппай қолдауын білдіргенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Наурыз, 2026
Шетелдегі барлық референдум комиссиясы жұмысты аяқтады
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі барлық 71 учаскелік референдум комиссиясы жұмысты аяқтағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
16 Наурыз, 2026
Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді
Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 Наурыз, 2026
Тоқаев: Кез келген елде, соның ішінде Қазақстанда қос билік болмауға тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс бергеннен кейін өткен брифингте Таяу Шығыстағы қақтығыстар мен Қазақстанның дипломатиялық ұстанымына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Наурыз, 2026
Үкімет Ақтау бу-газ қондырғысын салу жөніндегі келісімге қол қоюды мақұлдады
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырмаларды жүзеге асыру аясында Ақтау қаласында қуаты 160 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қоюды мақұлдады. Келісім Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Ақтау энергетика компаниясы» ЖШС арасында жасалады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Наурыз, 2026
Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 11 мыңнан астам бала дүниеге келді
Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бастамашылық етілген отбасыларды қолдауға арналған ауқымды мемлекеттік «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Наурыз, 2026
Елімізде жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталды
14 наурызда Қазақстанда жалпыхалықтық Наурызнама онкүндігі басталады. Мерекелік онкүндіктің алғашқы күні – «Көрісу күні – Амал мерекесі» – жылы жүздесулерге, ізгі тілектер айтуға, үлкенге құрмет көрсетуге және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға арналады, деп жазады Egemen.kz.
14 Наурыз, 2026
Кеше елордада Орталық референдум комиссиясының қорытынды отырысы өтіп, саяси науқанға дайындық шаралары пысықталды. Жиынды жүргізген комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров 13 наурыздан 14-не қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап «тыныштық күні» кіретінін, референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын ескертті.
14 Наурыз, 2026
Құмар АҚСАҚАЛОВ: Өңір дамуының жаңа кезеңіне көштік
Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсібі қатар өріс жайған Қостанай облысы өндірісі қуатты, дамуы тұрақты, тіршілігі шуақты өңірдің бірі екені көпке аян. Өңір басшысы Құмар АҚСАҚАЛОВ Тобыл-Торғай өңірінің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму жоспары төңірегінде бірқатар сауалымызға жауап берді.
14 Наурыз, 2026