Редакция таңдауы
Қазақстанның байлығын жасанды интеллект іздей бастады
Қазақстанда геология саласын цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мұрағаттық геологиялық деректерді электрондық форматқа көшіру қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
28 Сәуір, 2026
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Бүгін Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2026
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылатын Platonus жүйесіне қатысты сын айтты. Оның сөзінше, бұл платформа іс жүзінде бір топ компанияның бақылауында болған және оны сүйемелдеуге арналған конкурс талаптары сырттан қатысушылардың кіруіне мүмкіндік бермейтіндей жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2026
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қордың 2026 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткіштері мен Президент тапсырмасы аясындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Сәуір, 2026
Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Креативті индустрияларды дамыту қорының кеңсесіне баруы отандық креативті сектордың институционалдық тұрғыдан қалыптасуындағы маңызды кезең болды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қор салаға жүйелі қолдау көрсететін негізгі орталыққа айналуға тиіс. Мұнда таланттарды қолдау, инфрақұрылым қалыптастыру, инвестиция тарту, креативті өнімді ілгерілету және экспортқа шығару бағыттары біртұтас жүйеге біріктіріледі. Қордың жаңа кеңістігі идеядан бастап өндіріс пен өнімді нарықта ілгерілетуге дейінгі толық циклді қамтитын шоурум форматында таныстырылды. Президентке зергерлік және ағаш өңдеу шеберханалары, музыкалық кеңістіктер, кілем өнері залы, суретшілер залы және fashion-аймақ сынды тақырыптық алаңдар көрсетілді.
25 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына еліміздегі «Келешек» мектептерінің оқушылары жаппай атсалысып жатыр. Бүгін 185 мектептің шәкірттері қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
25 Сәуір, 2026
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ұшқыр ой мен терең білім сынға түсетін додалардың берері мол екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
24 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2026
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2026
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2026
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Осылайша бұл көрсеткіш өткен жылдың қазан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2026
Әр текше метрдегі сенімділік: «Интергаз Орталық Азия» АҚ қыс сынағынан сүрінбей өтті
Көгілдір отынның үзіліссіз берілуі – тек тұрмыстық жайлылықтың ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің де басты кепілі. Еліміздің қан тамырындай іргелі магистралдар арқылы жылу мен жарық тарататын «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» АҚ 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымын абыроймен аяқтады. Қыраулы қыстың қыспағы мен жоғары жүктемелерге қарамастан, газ тасымалдау жүйесі сағаттай дәл жұмыс істеп, ел экономикасы мен халықтың игілігіне қалтқысыз қызмет етті. Осы орайда біз атқарылған ауқымды жұмыс, стратегиялық бағыттар мен алдағы қысқа дайындық туралы «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас директорының орынбасары Азамат ДАВЛЕТОВПЕН арнайы сұхбаттасқан едік.
24 Сәуір, 2026
Президент Electricité de France компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Electricité de France компаниясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Бернар Фонтананы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасымен кездесті
Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйымдар басшыларымен кездесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Сәуір, 2026
Президент: Экология мәселесінде таңдаулыларға басымдық беру әбестік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі. Президент экологиялық саясатты қалыптастыру барысында әртүрлі елдердің, әсіресе экономикалық дамушы мемлекеттердің қажеттіліктері ескерілуі керектігіне атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Мәжілісте қаралып жатқан «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері туралы» заң жобасына сәйкес, мәслихат депутаттарына әлеуметтік кепілдіктер күшейтілмек. Осыған байланысты мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға әлеуметтік төлемдер төленуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Сәуір, 2026
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
21 Сәуір, 2026
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Мемлекет басшысы Моңғолияны аймақтағы маңызды серіктес әрі тату көрші ретінде атап, Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың елімізге сапарына айрықша мән беріп отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Сәуір, 2026