2025 жыл
Қоғам • 28 Қаңтар, 2026
2025 жылы медиа саласында қандай өзгерістер болды?
Қазіргі кезде елде 5029 бұқаралық ақпарат құралы бар, оның 306-сы – шетелдік БАҚ. Тек 2025 жылдың өзінде 515 жаңа БАҚ тіркелді. 2025 жыл Қазақстанның медиа саласы үшін жүйелі реформалар, институционалдық даму және кәсіби стандарттарды нығайту кезеңі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Қаңтар, 2026
Былтыр бизнес үшін шешілген 10 мәселе
2025 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес мүдделерін қорғау бойынша жоспарлы жұмысын жалғастырды. Сөз болып отырған жайт – біржолғы бастамалар туралы емес, кәсіпкерлер салалық және өңірлік алаңдарда, өтініш беру және жұмыс кездесулері барысында көтерген проблемалық мәселелерді одан әрі әзірлеу туралы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Еліміздің 2025 жылғы ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша еліміздің ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 02 Қаңтар, 2026
Қазақстанда 2025 жылы 4 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтті
2025 жылы Қазақстанда балалардың денсаулығын сақтау және ерте анықтау шаралары аясында 4 миллионнан астам бала профилактикалық медициналық тексеруден өтті. Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Ауа райы • 30 Желтоқсан, 2025
2025 жылдың соңғы күнінде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
30 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде мұздақ жаңбыр, көктайғақ және қатты жел тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан экономикасы 2025 жылы қалай дамыды?
2025 жыл жаһандық экономикалық және геосаяси тұрақсыздық аясында Қазақстан үшін салыстырмалы түрде табысты өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 6 пайыздан жоғары болатынын, ал жалпы ішкі өнім көлемі алғаш рет 300 миллиард АҚШ долларынан асатынын атап өтті. Бұл – экономиканың ішкі серпіні сақталып отырғанын көрсететін маңызды межелердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылдың құқықтық белесі: Қазақстанның жаңару бағыты мен жүйелі реформалары
2025 жыл еліміздің жылнамасында мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамдық қатынастардағы іргелі өзгерістер жылы ретінде тарихқа енді. Биылғы заң шығару үдерісі цифрландыру мен жасанды интеллектіні тізгіндеуден бастап, әлеуметтік қорғау, салықтық реформалар мен құқықтық тәртіпті нығайтуға дейінгі ауқымды салаларды қамтыды. Кейбір заңдар қазірдің өзінде ел игілігіне айналса, енді бірі 2026 жылғы үлкен трансформацияларға даңғыл жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 28 Желтоқсан, 2025
Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
2025 жылы мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген «Qaitadan» фильмі киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
2025 жылы қандай қайғылы оқиғалар болды?
2025 жылы қоғамға ауыр әсер еткен оқиғалар аз болмаса керек. Адам өлімімен аяқталған ірі жол-көлік апаттары (ЖКО) жиіледі. Кейбір өндіріс орындарында адам өліміне әкелген апаттар тіркелді. Сонымен қоса, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары да болды және жастар арасында суицид оқиғалары тіркелді. Бұның бәрі әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, психологиялық қолдау салаларын күшейту қажеттігін көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Инфляцияның әсері: 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы төмендеген
Биылғы үшінші тоқсанда орташа айлық табыс 108,2 мың теңгені құраған. Төрт тоқсандық есеп бойынша орташа жалпы табыс 324,6 мың теңге болған. Номиналды өсім жылына 8,5%-ды құрағанымен, инфляцияны есепке алғанда нақты табыс үшінші тоқсанда -3,4%-ға төмендеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
2025 жылы ел есінде қалған 10 маңызды оқиға
Биыл халық жадында қалған оқиғалар аз болмаса керек. Әйтсе де барлық дерлік саланы қамтитын 10 оқиға қандай? Ел есінде қалған деп атауға болатын 10 маңызды оқиға – саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени бағыттар бойынша 2025 жылы қоғамда жиі әрі кеңінен талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Ұлттық талдау орталығы 2025 жылдың басты тұлғаларына, мәдени жетістіктеріне және жылдың негізгі нышандарына арналған қорытынды зерттеуін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Оксфорд 2025 жылы жиі қолданылған сөзді атады
Оксфорд ағылшын тілінің сөздігі 2025 жылы ең жиі қолданылған сөз ретінде «рейджбейт» (rage bait – ызаны қоздыруға арналған) терминін таңдады. Соңғы 12 ай ішінде «рейджбейт» сөзінің қолданылу жиілігі үш есе артқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Зейнетақы қоры соңғы 11 жылда 13 трлн теңге табыс тапты
2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы активтері «БЖЗҚ» АҚ-ға (БЖЗҚ, Қор) шоғырландырылған 2014 жылдан бергі жинақталған таза инвестициялық кіріс 13,60 трлн теңгеге тең. Зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі жүзеге асырылған төлемдерді қоса алғанда 42,3% жетті. Бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда инвестициялық қызметтің елеулі орын алатынын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz зейнетақы қорының ресми сайтына сілтеме жасап.
Шаруашылық • 04 Қазан, 2025
2025 жылғы астық бағасы жарияланды
Аграрлық сала өкілдерін қолдау және қазақстандық астық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" жаңа егіннің астық бағасын нарықтық деңгейден жоғары етіп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Тамыз, 2025
Қ.Тоқаев: Шежірелі шаһар түркі мемлекеттерінің де рухани ордасы
Бүгін, Алматыда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) IV Халықаралық жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында қалаға «2025 жылғы Түркі әлемінің жастар астанасы» мәртебесі берілді. Фестивальдің салтанатты ашылуына Мемлекет басшысы арнайы құттықтау хатын жолдады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Тамыз, 2025
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2025
Сот әкімшілігі жұмыс қорытындысын шығарды
ҚР Сот әкімшілігінде аймақтардағы департаменттер басшыларының бейне бақылау камерасы арқылы қатысуымен кеңес өтті. Кеңесті Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакиров жүргізді. Онда 2025 жылдың бірінші тоқсанында жасалған жұмыстар сараланып, қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Сәуір, 2025
Биыл қанша қазақстандық әскери дайындыққа шақырылады
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 20 наурыздағы «Әскери қызметшілерді 2025 жылғы әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрығын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 19 Ақпан, 2025
Рамазан айы қарсаңында жаңа Telegram-бот іске қосылды
Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат мәселелері бойынша ақпарат таратып, кеңес беретін @MuftyatBot әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 24 Қаңтар, 2025
Теңге бағамы: 2025 жылдан не күтеміз?
Көптеген сарапшылар валюта әлсіреді деген пікірде. Жаһандық экономикалық факторлар, мұнай бағасы, геосаяси тұрақсыздық және ішкі экономикалық ахуал аясында теңге бағамының АҚШ долларына қатысты одан әрі төмендеуі күтілуде. 2025 жылдың соңына қарай теңгенің долларға бағамы 1 доллар үшін 561,9 теңгені құрауы мүмкін. Мұндай болжам BCC Invest макроэкономикалық шолуында қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2025
Жұртшы жыл құсы болып таңдалды
Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) жыл сайын Қазақстандағы құстарды қорғау одағымен бірігіп, жыл құсы атауына лайық құстарды ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz ACBK-ға сілтеме жасап.
Спорт • 10 Қаңтар, 2025
Биыл ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Қаңтар, 2025
Қазақстанда зейнетақы мөлшері өсті
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері өсті. Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза ұлғайтылған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
60 мың жолаушы Жаңа жылды пойызда қарсы алады
Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында Жаңа жылды шамамен 60 мың жолаушы қарсы алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Қаңтар айында ел азаматтары қалай демалады
2025 жыл қазақстандықтар үшін жаңа жылмен қатар ұзақ мерзімді келген демалыс күндерінен басталады. Мереке күндерін және тұрақты демалыс күндерін қоса санағанда бұл айда барлығы 11 күн демалыс берілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024
Су саласының 105 маманы Қытайда білімін шыңдайды
«Қазсушар» мекемесінің 105 маманы келесі жылы ҚХР-да біліктілік арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2024
2025 жылы ел азаматтары қалай демалатыны белгілі болды
Күнтізбеге сәйкес, 2025 жылы ел азаматтарында қосымша демалыс күндері болады, өйткені кейбір мерекелер демалыс күндеріне сәйкес келеді, олар кейінге қалдырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2024
2025 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға индекстелетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Ел азаматтары Жаңа жылда неше күн демалады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.