Ұстаз Әсия Әмірханқызы
Руханият • Бүгін, 19:30
Ұстаздықты жүрегімен ұғынған немесе «Білім беру ісінің үздігі» Әсия Исмағұлова туралы сөз
Торғай – қазақ руханияты мен ағартушылық тарихында айрықша орны бар қасиетті мекен. Дәл осы өңірде ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин алғаш рет білім шамын жағып, ұлт болашағын оқу-ағартумен байланыстырған еді. Сол сара жолды жалғап, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаздардың бірі де бірегейі – Әсия Әмірханқызы Исмағұлова.